You are here

Инклюзивті білім берудің мониторингі Ұлттық жиектемесін әзірлеу жөніндегі семинар

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 25-26 шілдеде Ақпараттық-талдау орталығы базасында "Қазақстанда инклюзивті білім берудің мониторингі ұлттық жиектемесін әзірлеудің халықаралық тәжірибесі және мүмкін болатын тәсілдері" атты жұмыс семинары өтті. Семинарды Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпараттық орталығы Сорос Қазақстан Қорының сараптамалық және қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды. 

Қазақстанның инклюзивті білім беру мәселелерін талқылау 2016-2019 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен және әлемнің 193 мемлекетінің 2030 жылға дейін Тұрақты Дамудың 17 Мақсатын қабылдаумен байланысты. Алдағы 15 жылда Қазақстанның білім беру жүйесін күшейту "Сапалы білім" 4-ші Жаһандық мақсатқа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Бұл - жалпыға ортақ инклюзивті және әділ сапалы білім беруді, өмір бойы оқуды қамтамасыз ету. 

Халықаралық сарапшы, Белград университетінің педагогикалық психология және білім беру саясаты саласындағы профессор  Тинда Ковач семинар спикері болды.

Семинар барысында Тинда Ковач қатысушыларды инклюзивті білім берудің мониторингі жүйесін әзірлеудің халықаралық тәсілдерімен таныстырды, инклюзивті білім беру мониторингінің ұлттық жиектемесін жасаудың Сербия Республикасының тәжірибесімен бөлісті. Ақпараттық-талдау орталығы қатысушыларды Ұлттық білім берудің деректер базасындағы инклюзивті білім берудің статистикалық көрсеткіштерімен таныстырды. Инклюзивті білім беруді дамытудың өңірлік тәжірибесімен Ақмода облысы бөлісті. 

Семинар қатысушылары Инклюзивті білім берудің мониторингі Ұлттық жиектемесін әзірлеудің өзекті мәселелері де белгіленді.

Семинарға Ақпараттық-талдау орталығының, Сорос Қазақстан Қорының, Назарбаев Университетінің өкілдері, Ақмола облысының иклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрайымы қатысты.