You are here

Инновациялар елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылатудың құралы ретінде

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылғы 4 желтоқсанда ЭЫДҰ мамандарының ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі (ҚР ИДМ), «Қазақстандық индустрияны дамыту институты», «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі», «NADLoC»   Жергiлiктi қамтуды дамытудың ұлттық агенттiгі», «Ұлттық ақпараттық технологиялар», «Зерде» Ұлттық инфокоммуникативтік холдинг» акционерлік қоғамдарының, «Инновациялық технологиялар паркі» (ИТП) автономды кластер қорының  басшыларымен сұқпаттары өтті.

Кездесу барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

1. ҚР Ұлттық инновациялық жүйесі мен дамыту институттарының қарым-қатынастарын жалпылай талқылау;

2. ҚР ИДМ инновациялық саясатты басқару мен жүзеге асырудағы ролі;

3. Инновациялық қызметті қолдаудағы мемлекеттің тарапынан көрсетілетін іс-шаралар.  

Технологиялық және инновациялық дамыту департаментінің директоры Азамат Батырқожа ғылыми және инновациялық саясаттағы жетістіктер, ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті қаржыландыру процестері, стратегиялық бағыттар мен ғылыми-зерттеу және инновациялық іс-шаралар, зерттеу және инновациялық қызметтің елдің экономикалық дамуына қосатын үлесі туралы айтты.

ИТП бас директоры Санжар Кеттебеков қордың қызметі мен «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамыны» 63-ші қадамы шеңберінде іске асырылып жатқан стратегиясымен таныстырды. ИТП мақсаты құны жоғары және қомақты экспорттық әлеуеті бар жоғарытехнологиялық өндірісті дамытатын ашық ғылыми-технологиялық платформа болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізудің қосымша қаржылық құралдары: ғылыми-зерттеу және сынақ-конструкторлық жұмыстарды, кластер жобаларын қолданатын жер қойнауын қолданушылардың 1% ОЖД көлемінде жыл сайынғы қаржыландыру міндеттері, венчурлік қаржыландыру механизмі арқылы жекеменшік капитал. Инновациялық кластер қызметінің негізгі нәтижесі жаңа экономиканың бірнеше секторларын құру, жоғарытехнологиялық экспорт көлемін көтеру, сол арқылы халықаралық инновациялық және елдік рейтингтерде ҚР көрсеткіштерін жақсарту болып табылады. Кездесу қорытындысы бойынша, Санжар Кеттебеков ЭЫДҰ сарапшыларын Алатау ИТП-ке шақырды.  

ЭЫДҰ өкілдері кездесуге қатысушыларға жемісті ынтымақтастық және құнды ақпарат үшін алғыс білдірді, сонымен қатар дербес сұқпаттар өткізуді және Алатау ИТП баруды жоспарлады.