You are here

Инновациялардың Қазақстандағы тәжірибесі мен болашағы

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылғы 3-11 желтоқсанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) «Инновациялық саясатқа шолу» жобасы бойынша миссиясы өтті. Құрамында Гернот Хутченрайтер, Филиппе Ларрю, Манфред Хорват, Балаш Муракоза және Яна Вазякова болған ЭЫДҰ сарапшылар тобы 2015 жылғы 10 желтоқсанда Астанада өткен «Қазақстанда инновациялық экожүйе құру: Технологияларды коммерцияландырудан өнімді инновацияларды ынталандыруға» халықаралық конференцияға қатысты.

Конференция жұмысына ҚР өкілетті министрліктер мен ведомстволардың басшылары, инновациялар мен технологияларды коммерцияландыру саласындағы шетелдік және қазақстандық сарапшылар, ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ бизнес-процестерді басқару жүйелерін талдау департаментінің қызметкерлері қатысты. Конференция барысында ЭЫДҰ сарапшылары қазақстандық ғалымдардың жаңа өнертабыстарымен танысты, НМХҰ төрағасы Гленн Швайтцер, IC2UT6 институтының сарапшысы мен CRDF Global кеңесшісі Эрик Азулаймен сұқпаттасты, World Bank сарапшылары Лиза Кэстнер, Боб Ходжсон, Карен Григорян, Евгений Кузнецов пен Ералы Бексултанмен Қазақстанда инновациялар мен коммерцияландыру жүйесін дамыту жөніндегі мәселелерін талқылады.

Қазақстандық ғалымдар Бүкіләлемдік банк қолдауымен ҚР БҒМ-нің «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде іске асырылған 65 жаңа өнертабысты ұсынды. Гранттық бағдарлама нәтижесінде қазіргі уақытта 36 өнертабыс 888 млн.тг. пайда әкелді. Қазіргі кезде 66,7 млн.тг. мөлшерінде инвестициялар тартылып, 72 келісімшарт пен 8 куәландырылған келісім жасалды. Гранттар «энергетика және баламалы энергия көздері», «машина жасау», «өмір туралы ғылым» және «ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» бағыттары бойынша берілді.