You are here

«Инновациялық саясатқа шолу» жобасына қатысты жиналыс

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылғы 15 шілдеде «Инновациялық саясатқа шолу» жобасының шеңберінде ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Балықбаев Такир Оспанұлы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) өкілдері Гернот Хученрайтер және профессор Манфред Хорватпен кездесіп, жұмыс старттық жиналыс өткізген, Жиналыс барысында тараптар жобаның басталу кезеңіндегі бірқатар ең маңызды мәселелерді талқылады.

ҚР БҒМ Вице-министрі Балықбаев Такир Оспанұлы Қазақстан үшін жобаның стратегиялық мәнінің маңыздылығын белгіледі. Оның айтуынша, бұл жобаның соңғы мақсаты - Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына кіруі, ол елдің әлемнің неғұрлым бәсеке қабілетті отыз елінің қатарына кіру тұжырымдамасымен тығыз байланысты.

«Мұндай амбицияшыл мақсаттарға жету үшін, бізге үлкен жұмыс жүргізу қажет. Бұл бағыттағы қадамдардың бірі бұл жобаны сәтті іске асыру болып табылады. ЭЫДҰ алынған ұсыныстардың негізінде, біздің үздік дүниежүзілік тәжірибені ескерумен Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі құруға, біздің инновациялық және экономикалық көрсеткіштерімізді ЭЫДҰ деңгейіне келтіруге мүмкіндігіміз болады», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, бұл жобаны сәтті іске асырудың негізгі факторы қызығушылық танытқан тараптарды барынша тарту болып табылады. Оның пікірінше, бұл ағымдағы жағдай туралы сенімді ақпаратты алуға және ең бастысы мәселелердің себептерін табуға мүмкіндік береді.

«Инновациялық саясатқа шолу» жобасы Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесін анықтайтын негізгі элементтерді, байланыстар мен динамиканы зерттеуге, саяси құралдардың көмегімен оны жақсарту мүмкіндіктерін іздеуге бағытталғанын айта кетейік.

Жоба ЭЫДҰ зерттеу жүргізу үшін негізгі есепті - негізін әзірлеуді, қажетті материалдарды ұсынуды, мемлекеттік органдар арасында өзара әрекеттесуді, ЭЫДҰ-н жобалық кеңсемен қамтамасыз етуді қарастырады.