You are here

"Инновациялық саясатқа шолу" ҚР БҒМ мен ЭЫДҰ жобасы

Printer-friendly versionPDF version

Барлық мүдделі тараптарға

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ (бұдан әрі - Орталық) Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымы сарапшылар тобының келуіне байланысты 2015 жылғы 15-17 шілдеде ҚР БҒМ мен ЭЫДҰ бірлескен "Инновациялық саясатқа шолу" жобасы басталғаны туралы хабарлайды.  

Жоба Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін талдау мен оны жетілдіру үшін ұсыныстарды жасауға бағытталған.

Жоба шеңберінде, қазақстандық  жақтан ағымдағы жылдың қарашасына дейін ЭЫДҰ хатшылығына ұсыну үшін Базалық баяндама әзірленуі керек. Осыған байланысты, бірегей жұмыс жасау үшін және Базалық баяндаманы әзірлеу үшін елдің инновациялық дамуының негізгі қатысушыларын маңызды болып тұр. 

Жоғары аталғанды ескере отырып, ЭЫДҰ сарапшылары ұсынған (1-қосымша) Базалық баяндама жоспарына сәйкес аналитикалық және статистикалық ақпарат пен өз ұсыныстарыңызды жолдауларыңызды өтінеміз. Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан жағдайда, Меморандуммен  танысып қол қоюды сұраймыз (2-қосымша). 

Барлық сұрақтар бойынша: Сартбаев Мұрат Мақсұтұлы (murat.sartbayev@iac.kz), Утегулов Алан Рүстемұлы (alan.utegulov@iac.kz), Горлов Сергей Сергеевич (sergey.gorlov@iac.kz), тел.: 24-86-14.