You are here

Канададағы венчурлік инвестициялар: тәжірибесі мен даму үрдістері

Printer-friendly versionPDF version

ЭЫДҰ жоба тобы мен "Технологиялық даму ұлттық агенттігі" АҚ басшылығы 2016 жылғы 19 қаңтарда кездесті. Жоба тобында Ваутер Мейстер, Мигель Кастро және Тиерра МакМахон, сонымен қатар шақырылған ЭЫДҰ сыртқы сарапшысы Джон Маршалл болды. Ол Канаданың венчурлық қаржыландырудағы мемлекеттің рөлі, оның дамуы және жұмыс қағидалары туралы тәжірибесімен бөлісті. Канадада Қазақстандағыдай мемлекет венчурлық қорларды құруға қатысатынын атап өтті. Тәуекел капиталдың дамыған нарығы - инновациялық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі. Венчурлық капитал келесі буынды перспективалық инновациялық компаниялар және бұның нәтижесінде жоғары сапалы және жоғары ақылы жұмыс құрудың басты қозғаушы күші болып табылады. 2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысынан кейін Онтарио венчурлық инвесторлар белсенділігінің деңгейі рекордты түрде төмендеді, бұның нәтижесінде провинция жан басына шаққандағы инвестиция көлемі бойынша жетекші Солтүстік Америка аумақтардың жиырмалығынан шықты. Онтарио венчурлық капитал көмегімен әлемдік маңызы бар BlackBerry, OpenText , Desire2Learn және Shopify сияқты табысты компаниялар пайда болды.

Кездесуді қорытындылай келе тараптар бір-біріне ашық және қызықты диалог үшін алғыс білдірді.