You are here

Қазақстан ЭЫДҰ Білім саясаты комитетінің тең құқылы қатысушысы болуға шақыру алды

Printer-friendly versionPDF version

 

Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесінің тарихында 2017 жылғы мамыр енді тарихи күн болады. Қазақстан алғаш рет Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) Білім саясаты комитетінің қатысушы болуына шақыру алды. Бұл шақыру - Қазақстанға білім мен экономикада, адами капиталды дамытуда озық көрсеткіштері бар елге деген сенімнің және анағұрлым тығыз ынтымақтастыққа ұмтылудың жоғары белгісі. Білім берудің барлық деңгейлерінің реформасы жөніндегі жұмыс шақырудың алғышарты болды. Бұл жаңартылған мазмұнды енгізу, үш тілде білім беру саясатын, соның ішінде халықаралық ағылшын тілін белсенді дамыту, ЖОО дербестігін кеңейту және басқа да шаралар. 

Қазақстан білім алушылардың оқу жетістікетерін бағалайтын беделді халықаралық бағдарламалар жүйесіне енді. Бұл әртүрлі мектептердің арасында білімнің сапасын салыстыратын жалғыз жалпыға танылған құралдар. 2015 жылы еліміз TIMSS зерттеуінің нәтижелері бойынша көшбасшы елдердің қатарына кірді. 2016 жылға қарай Қазақстан TIMSS және PISA зерттеулеріне үш мәрте қастысты, нәтижелерін айтарлықтай жақсартты. Сондықтан қазақстандық білім беру жүйесінің ЭЫДҰ Комитетінің тануы ретіндегі жетістігі қазақстандық оқушылар мен мұғалімдері де қамтамасыз етті.   

Білім берудің барлық деңгейлерін тәуелсіз бағалау еліміздің ЭЫДҰ Білім саясаты комитетіне кіру шарты еді. Оған қоса, ересек халықтың (PIAAC) және мұғалімдердің (TALIS) құзыреттеріне ұлттық зерттеу өткізу керек еді. 6 жыл бойы осы жұмысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен Ақпараттық-талдау орталығы (АТО) жүргізді. Нәтижесінде АТО сарапшылары ЭЫДҰ-мен бірлесіп 7 тақырыптық елдік шолуды іске асырды. Соңғысы - жоғары білім бойынша болды, ол ағымдық жылғы наурызда аяқталды.

Барлық осы әрекеттердің жиынтығы Қазақстанның білім саясатын тең құқылы талқылау үшін ЭЫДҰ клубына кіруге мүмкіндік берді. Комитеттің жұмысына қатысу ұсынысы қазақстандық білімді тануы, сонымен қатар еліміз адами капиталды дамытудың дұрыс жолын тандағанының дәлелі болып табылады.

Алда - PISA, TALIS және PIAAC үш маңызды зерттеуге үнемі қатысу, ең бастысы - елдің болашақ игілігіне жұмыс істеу, әрқайсысына және жалпыға сапалы білім беру.