You are here

Қазақстан әлемнің 50 елі арасында алғаш рет PIRLS-2016 (Progress in International Reading Literacy Study) оқу құзыретін бағалайтын халықаралық зерттеуіне қатысады

Printer-friendly versionPDF version

 

Қазақстаннан халықаралық іріктеумен 5008 төртінші сынып оқушылары оқу сауаттылығы зерттеуіне қатысу үшін таңдалды. Аталмыш зерттеуге әлемнің 250 000 бастауыш сынып оқушылары қатысады.

Барлық елдер үшін бірыңғай тестілеу уақыты белгіленген – 80 минут 10 минуттық үзіліспен.

Әрбір қатысушыға екі түрлі мәтін ұсынылады. Әдеби мәтін бұл - қызықты оқиға немесе ертегі және ғылыми-ақпараттық бағыттағы мәтіндер мысалы, жануарлар туралы әңгімелер.

Оқу сауаттылығы нәтижесі екі позиция бойынша бағаланады - әдеби оқу тәжірибесі және ақпаратты игеруі мен пайдалана білуі.

Сондай-ақ, сауалнамаға төртінші сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілері және мектеп директорлары қатысады.

PIRLS зерттеуінің үйлестірушісі болып табылатын Оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық (IEA) бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы деңгейіне әсер ететін сыртқы факторлардың дәрежесі бойынша талдауын ұсынады.

Зерттеу 2016 жылдың 4-30 сәуір айы аралығында өтеді. Зерттеу нәтижесі 2017 жылғы желтоқсанда жарияланады.

Зерттеу бес жылда бір рет өткізіледі. Жоба алғаш рет әлемнің 35 елінің қатысуымен 2001 жылы іске асырылды.

PIRLS зерттеуінің 3 кезеңі бойынша (2001, 2006, 2011) көшбасшы елдер қатарында Гонконг, Ресей Федерациясы, Финляндия және Сингапур.