You are here

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеудің қорытындысы

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 12 тамызда Ақпараттық-талдау ортылығы әзірлеген Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндаманы ұсыну жөнінде дөңгелек үстел өтті.

Ұлттық баяндама 2006 жылдан бері жыл сайын дайындалады. Ұлттық баяндама Қазақстанның білім беру жүйесінің қол жеткізген нәтижелері туралы халықты, мұғалімдер қауымын, барлық деңгейдегі басшылар мен халықаралық сарапшыларды хабардар етуге арналған. 

Алғаш рет Ұлттық баяндамаға білім саласындағы әлемдік трендтер, білім берудің барлық деңгейлері бойынша ең үздік қазақстандық өңірлердің тәжірибелері, сондай-ақ, «Үздік педагог» республикалық байқау жеңімпаздарының іс-тәжірибелері енгізілді.

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейлерінің өзекті сұрақтарын қарастыратын «Басты назарда» тақырыптық бөлімі қосылды.

Сонымен қатар, 2015 жылғы жаңартылған Әдістеме бойынша өңірлік білім беру жүйесінің қорытынды рейтингтері шығарылды.

Баяндама ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бес жылдық қорытындысының өзекті мәселелеріне негізделген.

Дөңгелек үстел қатысушыларымен білім берудің барлық деңгейлерін дамытудың негізгі бағыттары және қол жеткізген нәтижелері талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР БҒМ, Астана қаласының Білім басқармасы, Ұлттық тестілеу орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Назарбаев Зияткерлік Мектебі, «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, «Кәсіпқор» холдингі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің өкілдері және т.б. қатысты.