You are here

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жай-күйі және дамуы туралы оныншы мерейтойлық Ұлттық баяндама

Printer-friendly versionPDF version

 

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жай-күйі және дамуы туралы оныншы мерейтойлық Ұлттық баяндаманы Ақпараттық-талдау орталығы Қазақстанның білім беру жүйесі педагогика мамандарының Республикалық тамыз конференциясында ұсынды (2016 жылға 17-19 тамызда, Астана).

Баяндамада ЖБИ-2015 білім беру көрсеткіштері Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін тежеп тұрған факторлары болып қала берді. 2015 жылы 113 көрсеткіштің жиынтығы бойынша Қазақстан 42-орын алды, онда білім берудің 9 көрсеткішінің 2 ғана Қазақстанның жалпы рейтингісіне сәйкес келді (Мектептердің Интернетке қолжетімділігі - 41, орта біліммен қамту - 42-орын).

ҚР білім беру саласына бөлінетін мемлекеттік шығыстардың үлесі 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі мерзімде ЖІӨ-нен 3,5-4% диапазонында болды. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткішпен (5,5%) салыстырғанда, әлі де төмен болып қалып отыр. 

2015 жылы білім беру саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы республика бойынша орташа жалақының 62% құрады (ЭЫДҰ - 79%). Ең төмен жалақыны мектепке дейінгі білім беру саласының мұғалімдері алды (41%).

Бірінші және жоғары санаттағы педагогикалық қызметкерлердің саны бойынша ауыл мен қала арасындағы айырмашылық 7% құрайды (қалада 52% және ауылда 45%). 2015 жылы күндізгі жалпы білім беретін мектептеріндегі мұғалімдердің 50% (145 146 адам) бірінші және жоғары санаттары бар. Мұғалімдердің 23% (66 962 адам) әлі де санатсыз қалып отыр. 

Болжам бойынша 2020 жылға қарай Қазақстанда жұмысшы білікті кадрлар қажеттілігі барлық бос жұмыс орындарының 95% құрайды. Бұл ТжКБ жүйесінде жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушылар санының 1991 жылдан 2015 жылға дейін 2,6 есе азаюына байланысты. Жыл сайын жалпы білім беретін мектептер түлектерінің 10% астамы еңбек нарығына кәсіби біліктіліксіз шығады. Осыған байланысты өндіріс қажеттіліктерінің орнын жұмысшы мамандықтармен қамтамасыз ету әлі де өзекті мәселе болып отыр. 

Өңірлік білім беру жүйелері қызметінің тиімділігінің интегралдық бағасын есептеу ең жоғары нәтижелерге Павлодар, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары қол жеткізгенін көрсетті.

Ұлттық баяндаманың толық нұсқасы мында қолжетімді.