You are here

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығының құрметіне салтанатты жиналыс өтті.

Printer-friendly versionPDF version

Бүгін, 2015 жылдың 26 тамызында «Ақпараттық-талдау орталығының» АҚ мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығының құрметіне салтанатты жиналыс өтті.

Қоғамның Президенті Серік Азтайұлы Ырсалиев Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығының құрметіне, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық-талдау орталығының» АҚ келесі қызметкерлерін:

Забара Людмила Михайловна – Орта білімді дамыту департаментінің директоры;

Қартпаев Берікбол Айтқожаұлы – Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің бас талдаушысы;

Нұрмұхаметова Жазира Ғадылқанқызы – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиені дамыту департаментінің бас талдаушысы;

Фадеев Василий Павлович – Инвестициялық жобалар мониторнингі департаментінің директоры.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді адал ниетпен орындағаны және жұмыста көрсетілген ынтасы үшін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдық мерекесіне байланысты келесі қызметкерлері:

Ескендирова Асемгүл Серікқызы – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиені дамыту департаменті менеджері;

Мусина Жаннат Зарлыкқызы – Орта білімді дамыту департаменті директорының орынбасары;

Шуланова Асемгүл Арманқызы - Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментінің бухгалтер-экономисті;

Черкашина Надежда Ивановна – Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің менеджері мақтау қағазымен марапатталды.

 

IMG_5258.JPG

IMG_5266.JPG

IMG_5276.JPG

IMG_5280.JPG