You are here

Қазақстан Республикасында арнайы және инклюзивті білім берудің даму перспективалары

Printer-friendly versionPDF version

 

2017 жылғы 16 тамызда "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-тың (АТО) Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары және бас талдаушысы Г.Ә.Ноғайбаева және С.К.Жұмажанова "Қазақстан Республикасында арнайы және инклюзивті білім берудің даму перспективалары" атты Республикалық педагогикалық тамыз мәсжілісіне (Қарағанды қ-сы) қатысты.                        

Отырысқа Білім басқармалары, әдістемелік кабинеттер, бұқаралық және арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдары, колледждер, ЖОО, ҮеҰ өкілдерінің қатарынан 300 астам адам қатысты.

ҚР БҒМ арнайы және инклюзивті білім басқармасының басшысы А.М.Кудеринова, Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы А.К.Аймағамбетова, Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының (ТПҰҒПО) директоры Г.А.Абаева отырыстың модераторлары болды.

Пленарлық бөлімнің бағдарламасы 12 баяндаманы қамтыды, соның ішінде Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің төрайымы М.Ибраева "Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыс тәжірибесі туралы"; Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Г.Оразаева «Мұғалімдерді арнайы және инклюзивті білім беруді жетілдіру жағдайында даярлаудың заманауи үрдістері"; «BiЖұлдызай» Қайырымдылық қорының директоры Г.Исабаева «Жұлдызай фестивалі – мемлекеттік орган, ҮеҰ және бизнестің ведомствоаралық ынтымақтастығының оң тәжірибесі»; "Дара" Қорының ЕБҚ-мен балалардың құқықтары және инклюзивті білім беру саласындағы жобаның үйлестірушісі М.Шишембекова «ЕБҚ-мен балаларды инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» туралы; «Синерджи» ғылыми-білім беру қорының басшысы А.Нисанова баяндама жасады.

Г.Ә.Ноғайбаева Г.А. пленарлық отырыстың қатысушыларына "Инклюзивті білім беруге мониторинг жүргізудің халықаралық тәжірибесі" атты презентацияны ұсынды. Өз сөзінде ол АТО-ның жобасы туралы қысқаша тоқталды. Осы жобаның аясында үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, ҚР-да инклюзивті білім беруге мониторинг жүргізудің бірыңғай жиектемесін әзірлеу жоспарланып отыр. 

Конференцияның шеңберінде 5 секциялық отырыс ұйымдастырылды. АТО өкілдері Қарағанды қаласының №27 НОМ базасында өткен  "ҚР-да инклюзивті білім беруді дамыту жолдары" атты №2 секцияның жұмысына қатысты. ТПҰҒПО арнайы мектептегі білім беру зертханасының меңгерушісі И. Елисееваның және №27 НОМ директоры К.Даупбаеваның баяндамалары секциялық отырыстың қатысушыларын қызықтырды және олардың тарапынан талқыланды. Орта білім берудің жаңартылған мазмұны және бағалаудың критериялық жүйесі шеңберінде ЕБҚ-мен балаларды оқыту ерекшеліктері, ЕБҚ-мен оқушыларға арналған жеке оқыту бағдарламаларын әзірлеу және т.б. туралы мәселелер аталды. Қатысушылар жұмыс тәжірибесімен бөлісіп,  ойландыратын сұрақтарға жауап ала алды.

Конференция жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында арнайы және инклюзивті білім берудің даму перспективаларын анықтайтын ұсыныстар жасалды.