You are here

ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ШАМАМЕН 5 000 ҚЫЗМЕТКЕРІ ҰББДҚ

Printer-friendly versionPDF version

Ұлттық білім беру дерекқоры (ҰББДҚ) - бұл білім беру саласында статистикалық деректерді жинау және өңдеу бизнес-үдерістерін автоматтандыруға бағытталған ЭОЖ-нің кіші жүйесі.

ҰББДҚ-да білім беру деңгейлері бойынша, балабақшадан бастап, колледжтерге дейін статистикалық деректерді жинау автоматтандырылған, 2013 жылға дейін бұл қолмен терілген. Статистикалық деректер ҚР БҒМ әкімшіліктік есеп беру формасында қалыптасады.

«АТО» АҚ ҰББДҚ жүйесін әдістемелік сүйемелдеу, статистикалық деректерді өңдеу, ҚР БҒМ есептерін қалыптастыруды жүзеге асырады. Білім беру статистикасы департаментінің қызметкерлері жыл сайын ҰББДҚ-да жұмыс істеу бойынша оқытатын семинарларды өткізу үшін өңірлерге барады.

«АТО» АҚ білім беру статистикасы департаментінің менеджері Ләззат Шәкірова: «Ұлттық білім беру деректер қорында  балабақша және мини-орталықтардан бастап мектептер мен колледждерге дейінгі республиканың 18300-ға жуық білім беру мекемелерінің білім беру үдерісі, материалдық-техникалық база, оқушылар және қызметкерлер контингенті туралы ақпарат жинақталған.

ҰББДҚ 2013 жылдан бері қызмет етеді, әр жыл сайын халықаралық стандарттарға сай толықтырулар, деректер енгізу қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін түзетулер енгізіледі, осылайша, биыл қорда қазақ тілінде жұмыс істеуге болады. Оған қоса, ҰББДҚ-да білім берудің әр деңгейі үшін жұмыс істеу бойынша нұсқаулар берілген. Техникалық жағынан білім берудің өңірлік бөлімдері деңгейінде есептілікті қалыптастыру мүмкіндігі жақсы тұсы болып табылады. Бұрын бұл функция тек облыс деңгейінде болатын.

2015 жылдың 10 қыркүйектен 10 қазанға дейінгі аралықта - ұйымдардың ҰББДҚ-ға бастапқы деректерді енгізу мерзімінде «АТО» АҚ Білім беру статистикасы департаментінің қызметкерлері Қазақстанның өңірлерінде көшпелі семинарлармен жүр.  Бұл семинарлардың мақсаты ҰББДҚ жұмысында консультациялық қолдау көрсету және үйрету болып табылады. 2015 жылдың 20 қыркүйегіндегі деректер бойынша білім беру саласының 5000 қызметкері ҰББДҚ-да жұмыс істеу бойынша оқудан өтті.

«АТО» АҚ Білім беру статистикасы департаментінің директорының орынбасары - Мираим Атанаева: «Дәл және нақты сандар - бұл кез-келген мемлекеттік және саяси шешімдердің дұрыс негіздемесі, нақты қаржылық есептеулер болып табылады. Білім беру статистикасы факторлық және корреляциялық талдауларды уақтылы дабылдауға, анықтауға, салыстыруға мүмкіндік береді. Дамыған елдердің барлығында білім беру статистикасы жақсы белгіленген, бұл мұндай елдердің білім беру саласында көшбасшы орындарда екенінен көрінеді.

ҰББДҚ халықаралық талаптарға сәйкес жыл сайын жаңаланады. Сонымен қатар, ҰББДҚ-да білім берудің барлық деңгейлері берілген және біз мұғалімдерді олардың тікелей міндеттерінен алаңдатпай әр баланың туылған кезінен бастап оның ЖОО-ны бітіргеніне дейін есепке алынуына талпынамыз. Бүгінде ҰББДҚ сауатты даму үшін міндетті шарт болып табылады».