You are here

Қазақстанда оқыту мен білім берудің TALIS халықаралық зерттеуінің апробациясы өткізілді

Printer-friendly versionPDF version

 

2017 жылғы 21 ақпан және 17 наурыз аралығында Астана қаласы мен Қазақстанның 4 облысында (Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында) TALIS зерттеуінің апробациялық зерттеуі өткізілді.

TALIS мұғалімдердің қызметін, жұмыс жағдайын және мектептегі білім беру ортасын бағалайтын ең ірі халықаралық зерттеу.

Зерттеу мақсаты – қатысушы елдерге оқыту мен білім беруге тиімді жағдай жасау үшін білім саясатын қайта қарастыруға және дамытудың жаңа бастамаларын анықтау мақсатында шынайы, уақтылы мен салыстырмалы деректерді ұсыну.

Зерттеу мектеп директоры мен мұғалімдердің пікірін ұлттық және халықаралық деңгейде білдіруге мүмкіндік береді.

Жобаның үйлестірушісі - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ). IEA (The International Association for the Evaluation of Educational Achievement), IEA DPC (The IEA Data Processing and Research Center), Statistics Canada және Australian Council for Educational Research зерттеудің консорциумына кіреді.

Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ TALIS зерттеуінің Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі болып табылады.

Қазақстан бойынша зерттеу апробациясына кездейсоқ түрде іріктелген 30 мектеп директоры және 600 мұғалім қатысты.

Апробациялық зерттеудің мақсаты – негізгі зерттеудің құралдарын дайындау үшін барынша көлемді деректерді жинау. Сонымен қатар, мұғалімдердің мектепішілік іріктемесі, ұлттық құралнаманы әзірлеу, деректерді жинау мен өңдеу де апробация барысында тексерілді.

TALIS апробациялық зерттеуінің барлық материалдары Халықаралық консорциумға беріледі.

Негізгі зерттеу 2018 жылғы сәуірде 200 мектеп директоры және 4000 мұғалімнің қатысуымен өткізіледі.

Зерттеудің 2019 жылғы маусымда жарияланатын нәтижелері TALIS-тың өткен кезеңдеріне қатысқан көптеген елдерде болғандай, еліміздің педагогикалық корпусының мәртебесін көтеруге үлесқосуға мүмкіндік береді.

Шанхайда TALIS-2013 зерттеуінің арқасында мұғалімдердің жалақысы 10%-ға артты. Аустралияда жоғары оқу орындарында жаңа педагогикалық дайындық бағдарламалары ашылып, кәсіби стандарттар жаңартылды. Италияда «Жақсы мектеп» бағдарламасының аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қосымша қаражат бөлінді, сонымен қатар әр мұғалімдердің жұмыс нәтижелігіне негізделетін еңбекке ақы төлеу жүйесі ауысты. Англияда алдыңғы тексерістің нәтижелері бойынша «жақсы» деп бағаланған мектептерге бір күндік (үш жылда бір рет) «қысқа мерзімді тексерістер» енгізілді. TALIS-тың нәтижелері Қазақстанның білім беру саясатына да оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ облыстық және мектептік үйлестірушілерге, директорлар мен мұғалімдерге TALIS апробациялық зерттеуін іске асыруға үлес қосқандары мен зерттеуге қатысқандары үшін алғыс білдіреді.