You are here
Қазақстанда PIAAC ересектердің дағдыларын халықаралық зерттеуінің (ЭЫДҰ) бірінші кезеңі басталды


PIAAC - бұл 16-дан 65 дейінгі жастағы ересектердің математикалық, оқу және компьютерлік сауаттылық деңгейін (базалық құзыреттерді) кең ауқымды зерттеуі. Респонденттер компьютерлік форматтағы және қағаз форматтағы зерттеуге қатыса алады.
Зерттеудің бірінші кезеңіне (тамыз-қыркүйек, 2017) Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ересек халқы қатысады.
Негізгі зерттеудің екінші кезеңі 2018 жылы (қаңтар-сәуір) өтеді. Оған Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары қатысады.
Барлығы зерттеуге 6000 кем емес адам қатысады, олар Қазақстанның атынан негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттар (жынысы, жасы, білімі, еңбек мәртебесі және тұрғылықты орны) тұрғысында пропорционалды өкілдік етеді.
PIAAC жобасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді. PIAAC-тың Қазақстандағы Ұлттық үйлестірушісі ҚР БҒМ "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ болып табылады.
Қазақстанның PIAAC зерттеуіне қатысуы:
- еліміздің ересек халқының әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігінің тәуелсіз халықаралық бағасын алу
- білім беру жүйесінің адамдарды еңбек нарығынадаярлауға қатысты тиімділігін бағалау
- Қазақстанда өмір бойы оқыту жүйесін әзірлеу және енгізу үшін ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді.
37 мемлекеттің, соның ішінде ЭЫДҰ 28 елінің PIAAC зерттеуіне қатысу нәтижелері 2019 жылы жарияланады.