You are here

Қазақстанда Турин процесінің жаңа кезеңі бастау алды

Printer-friendly versionPDF version

 

"Турин процессі 2016" жобасы бойынша алғашқы жұмыс кездесуі 2016 жылғы 25 ақпанда "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-да (АТО) өтті.  

Кездесуге мемлекеттік органдар, ҚР БҒМ бағынысты мекемелер, аккредиттеу агенттіктері, ҚР және Астана қаласы колледждер ассоциациясы өкілдері (Политехникалық колледж, Кәсіптік-техникалық колледж,  Құрылыс-техникалық колледж, Қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету колледжі, «ТУРАН» колледжі және басқалар) қатысты, оларға зерттеудің жаңа талдамалы жиектемесі ұсынылды. 

Елдік есепті жазу үшін жобаның ұлттық операторы АТО мәліметтер жинаудың жаңа форматын қолдануды ұсынды. Енді АТО сарапшылары жұмыс тобының мүшелеріне, Астана қаласы мен басқа аймақтардың колледждеріне кеңес береді. Бұл Қазақстанда ТжКБ дамытудың жалпы тенденцияларын шынайы ұсынуға мүмкіндік береді.  

Туриндік процесс шеңберіндегі талдаулар ТжКБ мәселелері бойынша бас  сараптау алаңы болады деп жорамалданады.