You are here

Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту: ғасырлық тарихы, жетістіктері және болашағы әлемдік трендтер призмасы арқылы

Printer-friendly versionPDF version

"Білімді ел - Образованная страна" №22, 13.06.2017ж.

Ырсалиев С.Ә.

Ұлттық мектепке дейінгі білім берудің ғасырлық мерейтойы қарсаңында біз бірнеше мәселенің соңына түстік. Осы салаға әлемде қанша жыл болды? Ол әрбір адамға, мемлекетке және жалпы өркениетке қалай ықпал етті. Бүгінгі трендтер қандай? Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның позициясы қандай?

Ізденісіміз бізді мынандай қорытындыға әкелді: әлемдегі мектепке дейінгі білім беруге - 250 жыл. 1767 жылы 6 жасқа толмаған балаларға арналған тұңғыш мектепке дейінгі ұйым Францияда ашылды, оның негізін қалаушы Иоганн Фридрих Оберлин болды. "Балабақша" термині, әдетте, 180 жыл бұрын Германияда Ойын және қызмет институтын қайта құрумен байланысты деп саналады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту (МДТО) қызметтерінің стандарттарымен алғашқы мемлекеттік бағдарлама АҚШ-та қабылданды (Head Start, 1964).

1990 жылы Джомтьенде (Тайланд) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік конференциясы МДТО-ды кеңейтудің бастамасы болды. Онда 6 міндеттің 1-уі болып "ерте жастағы балаларды, әсіресе анағұрлым осал отбасылардан шыққан және бақытсыздыққа ұшыраған балаларға қатысты, күту және оларды тәрбиелеу бойынша кешендік шараларды кеңейту және жетілдіру" міндеті қабылданды. Содан бері бұл "Баршаға арналған білім" дүниежүзілік қозғалысының бірінші кезектегі шарты және ЮНЕСКО, БҰҰДБ, ЮНФПА, ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік банк жұмысының басты бағыты болып табылады. 2015 жылдан бері МДТО - 2030 жылға дейінгі Орнықты даму 17 мақсатынан "Білім сапасы" 4-мақсатының негізгі компоненті.

Соңғы зерттеулер бас миы 3 жасқа дейін максималды қарқынды дамитынын және адам әлеуетіне ертерек инвестициялар анағұрлым көп пайда әкелетінін сендіре дәлелдейді. Осы себеппен әлемде міндетті МДТО, тәрбиелеушінің біліктілігі мен мәртебесіне қойылатын жоғары талаптар, МЖС, балалардың оқу жетістіктерін бағалау және МДТО жүйесінің дұрыс қызмет жасауы үшін ЮНИСЕФ-тың 10 стандартын енгізу сияқты трендтер қалыптасты.

Қазақстан - Орталық Азияда осы трендтердің пионері. Біздің жетістіктерімізді ЭЫДҰ, ЮНЕСКО және көптеген басқа халықаралық ұйымдардың сарапшылары атады. 2010 жылғы қаңтарда Елбасы бастамашылық еткен "Балапан" Бағдарламасы жетістіктердің негізгі триггері болды. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін кіріс шарттар жоспарында (қаржыландыру, инфрақұрылым, кадрлық құрам, балаларды қамту аспектілері) көптеген дамыған мемлекеттермен салыстыруға келетін жақсы дайындығымыз бар. Алайда, МДТО сапасы саясаттың басымдығына енді ғана айнала бастады. 

Біз ЮНИСЕФ - скандинавиялық елдердің стандарттарын сақтайтын көшбасшылардың өсу шегін анық түсінеміз. Жылдан жылға Қазақстан осы стандарттарды жоспарлы зерттеп енгізіп келеді. Біздің ұмтылысымыз орта мерзімді перспективада Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрініс тапты.

АТО АҚ Президенті Серік Ырсалиевтың баяндамасы (бейне)

Презентация