You are here

Қазақстанды жаңғырту 3.0 – білім берудің үлесі

Printer-friendly versionPDF version

 

 

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ (бұдан әрі - АТО) 2017 жылдың 17-18 тамыз аралығында Павлодар облысының педагогикалық қызметкерлерінің «Қазақстанды жаңғырту 3.0 – білім берудің үлесі» тамыз кеңесі жұмысына қатысты (Павлодар қ.). Қазақстандық мектеп оқушыларының TIMSS- 2015 және PISA-2015 жобаларына қатысуының нәтижелері аймақ педагогтарымен 3 секцияларда талқыланды.

Бірінші секция. Секцияға қатысушылар (80 адам) - білім басқармасының өкілдері, облыстық мектеп директорлары, соның ішінде Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектеп директоры. АТО Павлодар облысының TIMSS- 2015 және PISA-2015 жобаларына қатысу нәтижелерін аймақтық салыстырумен ұсынды. Оқушылардың барлық бағыттар бойынша халықаралық тестті орындаудағы нәтижелік көрсеткіштері ұсынылды (математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылығы). Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының басшылары мектептің орналасуына және оқыту тіліне байланысты жобада қатысу нәтижелерінің толық талдауын алды.

Екінші секция. Қатысушылар (106 адам) – математика және физика пәндерінің оқытушылары. Облыстың педагогикалық ұжымдарының өкілдері оқушылардың математика және жаратылыстанудың мазмұнды бөлімдері, оқу-танымдық қызмет түрлері сияқты түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудағы маңызды компоненттер бойынша көрсеткіштерімен танысты. TIMSS- 2015 тестілік тапсырмаларын орындау бойынша практикалық жұмыс өткізілді.  

Үшінші секция. Берілген секцияға бастауыш сыныптарының мұғалімдері қатысты (100 адам). Қатысушылардың назарына Павлодар облысының бастауыш мектеп оқушыларының толығырақ нәтижелері ұсынылды. Конфиденциалдық режимінен шыққан TIMSS-2015 халықаралық зерттеуінің жеке тестілік тапсырмаларының талдауы жүргізілді.

АТО конференцияның барлық қатысушыларына «4-ші және 8-ші сынып оқушыларына арналған TIMSS  тестілік тапсырмалары жинағын» дайындап, мемелекеттің педагогикалық қоғамына көмекке ұсынды.

Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысуының негізгі нәтижелері «Қазақстанның TIMSS-2015 нәтижелері» және «PISA-2015 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері» Ұлттық есептерінде жарияланды.