You are here

«Қазақстандық білім: зерттеулер не көрсетеді?»

Printer-friendly versionPDF version

 

BNews.kz

 

2016 жылғы 4 қазанда 12:00-де BNews.kz студиясында "Қазақстандық білім: зерттеулер не көрсетеді?" тақырыбында онлайн-конференция өтті. Алдағы жылдары мектептегі білім беру жүйесіндегі реформалар қандай бағытта жүргізіледі? Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Серік Ырсалиев баяндады.

 

Бейне келесі сілтеме арқылы қолжетімді http://iac.kz/ru/media/kazahstanskoe-obrazovanie-chto-pokazyvayut-issledovaniya


 

Сіздердің орталықтарыңыз атқарып отырған жобалар мен зерттеулер туралы айтып берсеңіз.

Біздің ақпараттық-талдау орталығымыз жалпы әлемдегі басқа да ақпараттық-талдау орталықтары секілді саясаткерлер мен қоғам жинаған білім арасында көпір болуды көздейді. Яғни, біз сол көпір қызметін атқарамыз. 2010 жылы уақыты бойынша және болатын өзгерістері бойынша ең ірі мемлекеттік бағдарламалардың бірі қабылданды. Сол кезде кері байланысты қолға алу, мониторинг мен анализді атқару мәселелерін институттандыру мәселесі көтерілді. Осы ретте біздің ақпараттық-талдау орталығы құрылды. Оның ең бірінші маңызды қызметтерінің бірі – біздің едіміздегі білім жүйесінде не болып жатқанына анализ жасау, әлемдегі білім жүйесін талдау. Сонымен қатар біз білім беру жүйесінің, жалпы мемлекеттің алдына Президентіміз қойған міндеттерді де атқарамыз. Ол білім саласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарымен жүру туралы талап қойды. Бұл ұйымда өзінің стандарттары, көрсеткіштері бар. Сол көрсеткіштерді анализден өткізу, мониторинг жасауды біздің орталық атқарады. Сонымен қатар көптеген түрлі халықаралық сапаны салыстырмалы зерттеу деңгейдері, түрлі категориялар да бар. Оларға да біз қатысып, біздің математикадағы немесе жаратылыстану бойынша орнымыз осындай деп айтып отырамыз. Бұл қызметтердің барлығын да біздің ақпараттық-сараптамалық орталық атқарады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім статистикасын жүргізіп, білім берудің ұлттық мәліметтер қорын әкімдейміз. Сандарсыз, статистикасыз жалпы жұмыс істеудің өзі мүмкін емес. Болжам жасау, белгілі бір стратегиялық жоспар құру да жүзеге аспайды. Статистика – алдыға жылжудың негізі. Осы статистиканы жүргізу де біздің құзырымызда.

Алдағы 3-5 жылда мектепте білім беру жүйесінде болады деп жоспарланған реформалар туралы айтып бере аласыз ба?  

Иә, әрине. Білім берудегі барлық жаңалықтар 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамыту бағдарламасында жазылған. Бұл сол сіз айтып отырған 3-4 жыл. Мектептегі білім беруде бұл білім берудің жаңартылған мазмұнына өту мен 0+11 схемасы бойында 12-жылдық білім беру жүйесіне ену. Ол не үшін керек? өткен ғасырдың, тіпті, мыңжылдықтың соңында әлем мектепте білім берудің академиялық білімге негізделгені ғана маңызды емес екенін түсінді. Себебі әлем тез өзгереді. Білім жылдам ескіреді. Жаңа ақпарат әр 2 жыл сайын екі еселенеді. Осы ақпарат ағымында біз тек академиялық білім бере беретін болсақ, үлкен өмірге аяқ басқан балалар өздерін жоғалтып алады. Сондықтан мектепте осы ақпарат ағынымен жұмыс істеуді, оларды дұрыс қолдануды, таңдай білуді, өз өмірінде тиімді қолдануды үйрету керек. Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап дамыған елдер білім берудің жаңа парадигмасына көшті. Ол кездері біз енді ғана тәуелсіздік алып жаттық. Біздің мемлекеттік құрылым мәселелері секілді басқа да сұрақтарымыз болды да, біз білім беру жүйесін басқа ретке бұруды енді қолға алдық. Осы жылы біздің бірінші сыныпқа барған оқушыларымыз осы жаңартылған бағдарламалар бойынша білім алуды бастап кетті.

Білім беру жүйесіне үштілділікті енгізу де қоғамды алаңдатып отыр. Осыдан туындайтын сұрағым – осы міндетті атқару үшін қазақстандық мектептердің қажетті кадрлармен қамтылуы туралы зерттеу жасадыңыздар ма? Қандай өңірде кадр жеткілікті болса, қайсысында жетіспеушілік байқалады?

Біріншіден, бірден бұл не үшін қажет екеніне тоқталайын. Екіншіден, оны қалай істеу керектігіне тоқталайын. Ол не үшін қажет? Әр тіл әлемді әртүрлі қабылдауға итермелейді. 20 жыл бұрын Еуропа көптілді білім беру бағдарламасын қабылдады. Ол жерде әр білім алушы, Еуропа елдерінің бірінде оқитын оқушы бірнеше шет тілін білу керектігі айтылған. Әрине, көптілділік жүйесінде әлемде ағылшын тілі алда тұр. Ғылымдарғы контенттің 80 пайызы – ағылшын тілі. Интернеттің 50 пайызынан астамы – ағылшын тілі. Көптеген ғылыми жаңалықтар да ағылшын тілінде жасалып жатады. Яғни, бүкіл әлем осы бағытқа жылжып жатыр. Тіпті ағылшын тілі туған тіл саналмайтын елдер арасында осы тілді білу деңгейі бойынша рейтинг те жасалған. Ол тілді білу мен мемлекеттің байлығы арасындағы байланысты анықтады. Тіл білу деңгейі мен қоғамда туып жатқан инновациялар, технологиялар импорты да бар. Яғни, негізі бар. Жапония қазір соңғы жылдары ағылшын тілін оқытудың жаңа стратегиясын жасады. Себебі олар тілді білу деңгейі рейтингінде Сингапур мен Оңтүстік Кореядан қалып қалған. Олар ағылшын тілін оқыту үшін тұтастай ұлттық стратегия қабылдады. Ал үштілділікті бізде енгізу бойынша айтар болсақ, бұл дәл қазір орын алғалы тұрған жоқ. Бұл мектептер мен мұғалімдердің дайындықтарына қарай ретінмен енгізіледі. Басталу нүктесі  2019 жыл. Бұл да барлық бағдарламалық құжаттарда айтылған. Біздің ЖОО-ның дайындықтарына келсек, қазір ақпараттық-талдау орталығы тиісті зерттеулерді жүргізіп жатыр. Біздің адамдар сол алаңға кетті. Қазір университеттерден, көптілді мамандар дайындап жатқан жерлерден келді. Негізінен, жағдай соншалықты қорқынышты емес. Бұл жерде қорқыныш, жаңа жүйені қабылдамау, өз-өзіне сенімсіздік бар. Қоғамдық қорқыныш деген ұғым бар. Қоғамға жаңалық енгізілетін кезде ол өзінен-өзі пайда болады. Біздің міндетіміз – сол қорқынышты басып, міндеттерді шешужің қандай тиімді, сапалы әрі жеңіл жолы бар екенін көрсету.

Сіз өзіңіздің бір сұхбатыңызда Қазақстанның білім беру әдістері дамыған елдерге қарағанда 20 жылға қалыс қалды дедіңіз. Осы бағытта да зерттеулер жүргізілді ме? Осы ретте қандай елдердің тәжірибесін біздің елге бейімдеуге болар еді?

Иә, біз 20 жылдан артық уақытқа қалып қойдық дегеннің дәлелі бар. Мен жоғарыда әлем 80-жылдары жаңа парадигма қабылдады дедім. Ал біз енді ғана жасап жатырмыз. Осыдан -ақ 20 жыл ерекшелікті бағамдай беріңіз. Бұл білім академиялық білім беруден несімен тиімді? Пиза халықаралық зерттеуі бар. 1997 жылы дамыған елдер білім берудің жаңа мазмұнына көшкен кезде кімнің жылдам дамып жатқанын анықтау қажеттілігі туды. Үш жылдың ішінде экономикалық даму және келісім ұйымы құрал жасады. 2000 жылы алғаш рет зерттеу жүргізілді. Ол әлемде фурор тудырды десек те болады. Тіпті, Пиза-шок деген термин де шықты. Өзін білім саласында дамыған ел санаған Германия да алдыңғы орындардан табылмады. Бұл Германия үкіметін білім беру жүйесінің жаңа мақсаттарға жылжуына итермеледі. Білім министрі орнын босатты. Жаңа бағдарламалар қабылданды. Көп нәрсе жасалды. Біз көріп отырғандай, Германия бұл рейтингте алдыға баса бастады. Қазақстан Пизаға 2012, 2009 және 2015 жылдары қатысты. Соңғы қатысқанымыздың нәтижесі осы жылдың соңында белгілі болады. Не айтуға болады? Біздің бірінші қатысқанымыз сәтті болды деп айта алмаймын. Себебі біздің білім жүйесі мүлдем басқа талаптар мен сұрақтарға жауап  беретін. Яғни, біз аутсайдер болдық. 2012 жылы алдыға жылжып, Экономикалық даму және келісім ұйымы Қазақстанның жылдам дамып жатқан ел екенін айтқан еді. Бізде сауаттылыққа байланысты бағдарламалар қабылданды. Ал оқу сауаттылығы жағынан 2012 жылдың нәтижесінде 15-жастағы оқушыларымыз эконмоикалық даму және келісім ұйымы бойынша орташа есеппен өз қатарластарынан 2,5 жылға қалып қалғаны белгілі болды. Математикадан шамамен 1,5 жылға арттамыз. Жаратылыстанудан 2 жылға. Бұл сол сіз айтып отырған айырмашылық. Бізге заманауи тұрғыда велосипед ойлап табу қажет емес. Әлемде барлығы зерттелген. Қайталап айта кетейін, осы жылы бірінші сынып оқушылары жаңа бағдарламамен оқуды бастады. Олар 15 жасқа толғанда басқа нәтиже көрсетеді деп ойлаймын. Әлемге келер болсақ, экономикалық даму және келісім ұйымы білім берудің 2030 жылға арналған жаңа бағдарламасын жасап жатыр. Оны біз тек сырттан бақылап, адамзатқа қандай білім керек екенін түсіне аламыз. 2018 жылдан 2021 жылға дейін экономикалық даму және келісім ұйымы белгілі бір елдерде білім берудің жаңа мазмұнын енгізеді. Бұл кезде адам тек әлемге жақсы бейімделіп қана қоймай, өзінің эмоциясын, ойын бақылай алуы керек. бұл заманауи әлемде өте маңызды. Экономикалық даму және келісім ұйымы осы ретте қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Біздің орталық Назарбаев зияткерлік мектептерімен бірге осы жұмысқа қатысады. Біз осы мәселе бойынша Экономикалық даму және келісім ұйымының отырыстарына қатысамыз. Яғни, әлемде болып жатқанның барлығынан хабардар болуға тырысамыз.

Психолог мамандар мектептің талаптары жоғары әрі ол баланың психологиялық та, физикалық та денсаулығына кері әсер етеді деген пікірде. Сұхбатқа дайындық барысында мен Финляндияның үлгісі туралы білдім. Оларда жақсы тәжірибе бар екен. Балалар мектепте күніне орташа есеппен 4 күн оқиды. Үй тапсырмалары жоқтың қасы. Бірақ олардың үлгерімі жоғары деңгейде. Осындай тәжірибені біздің елге енгізуге болады ма?

Бұл мәселе даулы сұрақ. Адамдарға еш күрделі тапсырма бермеуге болады. Бірақ олар сол арқылы дамиды ма? Бұл үлкен сұрақ. Бұрын біз де мектепте оқыдық. Кеңес мектебінде оқыдық. Бізге тапсырма көп берді. Әрине, жүйкеге түскен ауырлық болды. Әсіресе, мектеп бітіру мен ЖОО-на түсу кезінде. Бірақ біз олардың барлығынан өттік. Қиындықтарды өту арқылы күшті болдық. Бұл қазір де көмектеседі. Қиындықтардан өту арқылы адам сәттілікке қол жеткізе алады. Жалпы өмір қиындықсыз болады ма? Балаларымызды қандай өмірге дайындауымыз керек? Әрине, әлеміміздің өзгеріп, балаларымыздың жақсы мемлекетте тұруы үшін бәрін істеуіміз керек. Бірақ бұл оңай емес. Финляндия үлгісіне келер болсам, олардың тарихи контекстісін ескеру керек. олар мемлекте ретінде дамығаны, білім беру жүйесінің сатылары дегендей. Финляндия әлемнің білім беру жүйесінде басқаша қалыппен тұрған ел. Білім берудің бұл жүйесі финндердің ата-бабаларымен құрылған. Финляндия қазір білім беру туризмін дамытқан мемлекет. Ол жерде төрт жыл бұрын өзім де болдым. Расымен де білім беру жүйесінің тиімділігін өз көзіммен көрдім. Бірақ бұл жүйе бірден пайда бола қойған жоқ. Ол ғасырлар бойы қалыптасты. 300 жыл бұрын Финляндияның білім беру жүйесіне шіркеу көп орын алды. Яғни, шіркеу ер мен әйелдің біреуі сауатсыз болса, олардың неке құруына тыйым салды. Яғни, 300-жылдық мәдениет адамдарға білімге деген махаббат қалыптастырды. 30-40 жыл Финляндия мұғалімнің имиджін арттыру үшін жұмыс істеді. Қазір Финляндияда мұғалім мамандығы ең беделдісі. Мектепті үздік бітірген бес оқушы мұғалім болуға барады. IT-маманы емес, инженер емес, заңгер емес, мұғалім болады. Финляндиядағы мұғалімдер жалақысы да жоғары емес. Бірақ онжылдықтар бойы қалыптастырылған имидж осындай білім жүйесін құрған. Барлығы бейбіт. Барлығы дамыған. Бақылау жоқ. Финдіңтер ұстазды ең жақсы бақылаушы ата-аналар мен оқушылар деген пікірде. Бұл ұстаздарды алдыға жетелейді. Ал біз осы жүйені қазір қабылдауға дайынбыз ба? Бізде мұғалімнің имиджін арттыру үшін осындай қырық жылдық тәжірибе болды ма? Немесе білімге үш жүз жыл бойы басқа фаткордың әсерін қалыптастыра алдық па? Менің ойымша, олай емес. Себебі әрбір елдің тәжірибесі әртүрлі. Біз өзіміздің қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік дәстүрлерді ескере отырып қалыптастыруымыз керек. Бірақ өз мүмкіндіктерімізге бейімдеу қажет. 

Серік Әзтайұлы, сөз басында біз осы орталықтың қызметі статистика мен белгілі бір ақпаратты жинауға байланысты деп айттыңыз. Менің білгім клегені, қай өңірде білім деңгейі жоғары, ал қайсысында төмен екендігі туралы зерттеулер жасалады ма? Айрмашылық болса, ол қаншалықты деңгейде?

Иә. Статистика, халықаралық салыстырмалы зерттеулер, бірыңғай ұлттық тестілеу, басқа да құралдар бар. Сол бойынша өңірлерді талдай аламыз. Өкінішке орай Қазақстанда білім беру сапасындағы дифференциация үлкен. Алға шыққан өңірлер де бар. Білім сапасы үлкен инвестицияны қажет ететін өңірлер де бар. Жыл сайын біз Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы ұлттық есеп жасаймыз. Сол баяндаманың бір бөлімі білім бойынша өңірлер рейтингін құрайды. Білім сапасы көптеген факторлардан тұратынын да айта кету керек. осы рейтинге 34 түрлі көрсеткіш кіреді. Болашақта  2019 жылға дейінгі бағдарламада ол 42-ге жетеді. Бұл менеджмент классикасының талаптары. Мен қазір өңірлерді бөліп-жарып, көшбасшы өңір, аутсайдерлер деп бөлмес едім. Барлығы ашық түрде біздің сайтта бар. Бұларды ашық түрде біздің ұлттық баяндамамызда да жазамыз. Менің айтарым, білім сапасындағы ерекшелік тек өңір бойынша емес, әр өңірдің ішінде де бар. 2 көршілес мектептер де білім сапасы бойынша әртүрлі бола алады. Бізде бүгінгі таңда өлшеу құралы бар. Ол ең төмен деңгейдегі мектептің ең жоғарысына жетуіне көмектесе алады. Пиза көрсеткендей, біз барлық балаларды отбасының әлеуметтік-экономикалық статусы бойынша 4 топқа бөлдік. Анасы да, әкесі де бар, олардың табысы жақсы, өзінің бөлмесі бар бала білім сапасында әлдеқайда алда. Ал ештеңесі жоқ бала шамамен 2 жылға артта қалған. Яғни, барлық мемлекеттердің саясаты білім беру сапасын біркелкі етуді көздейді. Олар біздің қолымыздан келмесе, енді былай жасайық, осылай істейік деп, мектепті үздіктер қатарына қосады. Бұлардың барлығы бізде бар. Бұл көрсеткіштерді біз Білім министрлігіне, өңірдегі әріптестерімізге береміз. Олар сол арқылы қажетті шешім қабылдайды.

Біз жанама болса да ұлттық бірыңғай тестілеу туралы айттық. Сондықтан менде осындай сұрақ туындап отыр. Ұлттық тестілеудегі көрсеткіші ең жоғары және ең төмен болған мектептерді атай аласыз ба? Осы ретте сіздердің зерттеулеріңіз не көрсетеді?

Жарайды, үздіктерін жарнамалап, өңірлердің жанына жара салмас үшін шартты түрде айта кетейін. 125 мүмкін болған балдың 114-116-сын жинаған үздік мектеп қазақ тілінде білім беретін дарынды балаларға арналған мектеп. Олар оқушыларын таңдап, іріктеп алады. Яғни, үздік оқушылар таңдалып, олармен нақты жұмыстар атқарылады. Ең сәтсіз мектеп – алыстағы ауыл шетіндегі мектеп. Кейде олардың оқушылары орташа есеппен 50 балдан да төмен көрсеткіш көрсетеді. Яғни, ҰБТ-ның межесінен де өтпейді. ҰБТ 13 жыл болды. Мен оны құрған кзедегі топ құрамында болдым. Біз ҰБТ нәтижесін мектептің жұмысының тиміділігінің көрсеткіші ретінде көруге қарсымыз. Себебі ҰБТ-ның орташа балына әсер ететін факторлар көп. Біз үнемі бал бойынша әлеуметтік салыстыруға қарсы болдық. Себебі ол алдыға жылжуға мүмкіндік бермейді. ҰБТ тек мектептің проблемаларын көрсете алады. Басқа міндет – оларды қалай шешу керектігінде. Егер менеджментте қиындықтар болса, менеджментті өзгерту керек. мұғалімдерде қиындықтар болса, олардың біліктілігін арттыру үшін, мектепке жақсы ұстаздар тарту үшін барлығын жасау керек. егер материалды-техникалық қамтылуда қиындықтар туындаған болса, оған да көңіл бөлу керек. Кез келген мектептің атын атап, стратегиялық жоспар құруға болады. Ал ҰБТ – ол тек айна ғана. Ол басымдық алса дұрыс болмайды. Сондықтан мен меткептерді ҰБТ көрсеткіші бойынша салыстырғанға қарсымын.

Сіздің ұстанымыңызды түсіндім. Ендігі сұрағым: әр оқушының өміріндегі маңызды әрі күрделі кезең мектеп бітіру жылы саналады. Бұл жерде ары қарай қайда барамын, қандай бағытты таңдаймын деген мәселелер туындайды. Осы ретте 9-сынып оқушылары арасында да таңдау басталады, іріктеу болады. 10-сыныпқа баратындар мен колледжге баратындар анықталады. Бұл да бала үшін қиын. Сондықтан білім Министрлігі мектеп ұжымдарының жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін өзгерту жоспарда бар ма? Сол туралы айта кетсеңіз.

Иә, әрине, барлық бала, барлық адам әртүрлі. Олардың бейімі де, қабілеті де сан алуан. Бізде ең үздік оқушы мен ең нашар оқушы болмау керек. Финляндияда үздік оқушы мен үлгерімі ең нашар оқушы арасында айырмашылық 10-20 пайыз ғана. Германияда ол кездері 70 пайыз болған. Бізде ең үздік оқушы ҰБТ-ны 125 балға тапсырса, үлгерімі нашары нөл балл алады. Айырмашылық 100 пайыз. Былай болмау керек. барлық оқушылар жоғары деңгейде тең болуы керек. балалрдың қабілетін анықтау бағытында да көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа бағдарлама бойынша профильдеу белгіленген. Ол негізгі мектептен басталады. Бірнеше жыл бойы Министрлік бір компаниямен бірігіп балалардың басым бағытын анықтау үшін тестілеу жүргізеді. Соның нәтижесінде балаға, мысалы, сен физикаға барсаң сәтті боласың деп айтады. Бұл жерде де қарама-қайшылықтар бар. Бала тоғызыншы сыныпты бітіріп, академиялық сыныпқа барамын ба әлде басқа оқу орнына ма деген сұрақ мазалай бастайды. Бұл жерде екі бағыт бар. Яғни, кәсіптік білім беретін оқу орындарының беделін арттыру керек. еңбек адамының үнемі жұмыс табатынын түсіндіру керек. ал академиялық білім өмірін ғылымға, жоғары білімге арнау үшін қажет. Балаларды бөлу де қатаң болмағаны жөн. Балада мүмкіндік болуы керек. Сондықтан, әрине, қабілетін анықтайтын тестілер бар. Жетістігін анықтайтын тестілер де бар. Ол болады да. Ал осы өлшемнің нәтижесін балаға қалай жеткізу керек? қатал түрде сен осында барасың деп педагогтар айта алады ма? Бұл қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі болып отыр.

Рахмет! Өкінішке орай біздің уақытымыз шектеулі. Бірақ мен біздің көрермендерімізден келген сұрақтарды оқысам. Даниярдың сұрағы: жыл сайын білім беру саласындағы түрлі зерттеулерге милилардтаған бюджет қаржысы бөлінеді. Олардың нәтижесі туралы қай жерде танысуға болады? Оларды профильді орындар қалай қолданады? Осындай зерттеулерді тоқтатып, білім беру саласында мақсатты қаражат жұмсауға көшу керек дегенмен келісесіз бе? Бұл сұрақтың бірінші бөлімі.

Біріншіден, Даниярға білім беру саласында бәрі айқын болғаны жақсы екендігін айтқым келіп отыр. Мен білім беру саласында өмір бойы жұмыс істеп келе жатырмын. Менің жауабы жоқ сұрақтарым әлі де көп. Сондықтан зерттеулерді тоқтатуға боалды. Бірақ одан не ұтамыз? Ештеңе ұтпаймыз. Тек жоғалтамыз. Осылай оп-оңай космосты зерттеуді тоқату керек деп те айта аламыз. Физика, химияны, әсіресе Менделеев кестесі белгілі болғандықтан химияны зерттемеу керек деуге де болады. Бірақ одан химиядағы зерттеулер тоқтап қалмайды. Керісінше, әлемдік жаңалықтардың барлығы түрлі ғылымдар тоғысынан туындайды. Зерттеулерге кететін милилардтаған шығынға келсек, ол миллиардтап саналмайды. Көрсеткіш одан әлдеқайда төмен. Бірақ тиімділігі жоғары. Кез келген зерттеу нәтижесін Данияр сайтымыздан көре алады. Барлық зерттеулер ашық түрде біздің орталықтың сайтында бар. Біздің әріптестеріміз жүргізген зерттеулер туралы да осыны айта аламын. Олар да сайттарда ба. Қандай шешім шығарылады? Пиза 2012-ге Қазақстан қатысқаннан кейін одан ары не істеу кере кдеген сұрақ туындады. Мемлекет басшысы балалрдың сауаттылығын арттыру бағдарламасын ұсынды. Қазір оны мелмекет жақсы қолданып жатыр. 2012 жылғы Пиза ілгері жылжу байқатты. Ондай келтірер мысалдар өте көп. Барлық шешімдер шығарылып жатыр. Білім беру саласын дамыту болсын, тегін техникалық кәсіби білім беруді енгізу болсын. Тіпті, Болон процесіне Қазақстанның қатысуы болса да. Барлық шешімдер анализ бен зерттеулер нәтижесінде қабылданған. Сондықтан мен зертетулерді тоқтату кере кдегенмен келіспеймін. Зерттеулерді тоқтату – дамытуды тоқтату, ешқайда жылжымау. Сондықтан зерттеулерді жалғастыру керек. ал шығын мен тиімділікке келсек, қазір Қазақстанда тиімді жүйе құрылған. Әр теңге үшін біз есеп береміз. Әр постулатқа басымызбен жауап береміз. Сондықтан мен бұл бос шығын деп есептемеймін. Бұл оймен мүлдем келісе алмаймын.

Рахмет. Даниярдан келген екінші сұрақ: Назарбаев Университеті мен «Болашақ» бағдарламасы қызметінің тиімділігі туралы зерттеулер жүргізілді ме?

Данияр өз өзіне қарсы келіп отыр. Бір жағынан зерттеуді тоқтату керек десе, екінші жағынан осындай зерттеулер жүргізесіздер ме дейді. Назарбаев Университет, «Болашақ» бағдарламасы, «Серпін» бағдарламасы, басқа көптеген бағдарламалар жобалық менеджмент тұрғысынан қарастырылады. Ол нені ұсынады? Ол бес белгі ұсынады. Жобаны бастамас бұрын оны жоспарлау керек. одан кейін апробациядан өткізу. Сосын жүзеге асыру. Жүзеге асыру кезінде біз мониторинг жүргізе бастаймыз. Жүріп жатқан бағытымызды, қол жеткізген мақсатымызды айқындаймыз. Сондықтан сұрақ өте дұрыс қойылған. Мүмкін Назарбев Университеті өзінің қызметі туралы зерттеу жүргізетін де шығар. Ол туралы мен білмеймін. Ал жалпы жобаларға келсек, қаражатқа келсек, Бүкіләлемдік банк білімге салынған инвестиция шыығын ретінде қаратсырылмау керектігін айтты. Ол үлкен экономикалық пайда алып келетін инвестиция ретінде қарастырылуы керек. мектепке дейінгі бағдарламаға салынған бір доллар 7-8 доллар пайда әкеледі. Мектеп бағдарламасына салынған доллар мемлекетке 3 доллар береді. Ал жоғары білім беру, Назарбаев Университеті мен «Болашақ» секілді бағдарламалар екі доллар пайда түсіреді. «Болашақ» бағдарламасына жіберілген миллиард теңге мемлекетке 2 милилард теңге береді. Неге? Себебі олар мемлекетке қайтып келеді. Олар дамыған. Олар заңға қайшы келмейді. Олардың идеялары бар. Олар жұмыс орындарын құрады. Яғни, мемлекетті алдыға жылжытады. Өмір бойы білім алатын адам қылмыстық жолға түспейді. Ал қылмыскерлерге мемлекеттің шығыны тіптен көп. Сондықтан мен осы сұраққа жауап бере алдым деп ойлаймын.

Менің ойымша Данияр өзіне қажетті жауап алған секілді.екінші сұрақты Лола жолдапты: Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым – болашақта «Болашақ» бағдарламасының талаптарының бірін өзгерту жоспары бар ма? Ол жылжымайтын мүлікті кепілдікке беру. Осы талапты өзгертуге болады ма? Себебі студенттер қарапайым өмір сүреді ғой. Алдын ала рахмет!

Иә, «Болашақ» бағдарламасы қарапайым халыққа арналған. Мен бұрын осы бағдарламаның әкімшілігінде болғанмын. Сол кезде кепілге жылжымайтын мүлік салуды мен ұсынған едім. Не себепті? Себебі 90-жылдары мемлекет есебінен, салық төлеушілер есебінен білім алып, мемлекетке қайтып клемей қалу жағдайлары кездесті. Сол кзеде оларды міндеттерін орындауға заңдық нормалар болмады. Қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша 10 мың студент оқып келді. Қазір ол 12-15 мыңға жеткен де болар. Әрине, бұл студент үшін белгілі бір қиныдықтар туғызады. Бірақ қазір электронды үкімет бар. Адам үшін қиындық тудырмайды. Сен мемлекет қаражатына оқығың келсе, азаматтар төлейтін салық қаражатына оқығың келсе, ата-анаңда немесе бтуыстарыңда бар мүлікті қоюға не кедергі? Егер сенің теріс мақсатың болмаса, барып оқып кел де, 5 жыл жұмыс істе, талаптарыңды орында. Мен еш қиындық көріп тұрған жоқпын. Егер Данияр басқа жолын ұсынса, ол стипендия иегерлері үшін тиімді болса, біз қуана қуана қабылдаймыз.

Бұл сұрақты Лола жолдаған еді.  

Кешіріңіздер, Лола ұсынса.

Рахмет, Серік Әзтайұлы. Мені ойымша диалогымыз сәтті өтті. Білім берудің болашағына алаңдаған адам көп ақпарат ала алды ғой деп ойлаймын. Егер сұрақтар болса, олар сіздердің орталықтарыңызға барып, жұмыстарыңыздың нәтижесімен таныс алады деп ойлаймын.

Көп рахмет, Әлия! Біз әрдайым ашықпыз. Кез келген сұрақтарға жауап бере аламыз. Рахмет.

Сізге де рахмет! Құрметті пайдаланушылар, ең сенімді құқықтық ақпарат алу үшін BNews.kz ақпараттық порталына жүгіне алатындарыңызды ұмытпаңыздар. Сау болыңыздар!