You are here

Қазақстанның 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын PISA-2015 (Programme for International Student Assessment) халықаралық бағдарламасына қатысудың нәтижелері

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 6 желтоқсанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын PISA-2015 халықаралық зерттеуінің нәтижесін ресми түрде жариялады (негізгі бағыты - жаратылыстану).

PISA-2015 зерттеуіне барлығы әлемнің 72 елі мен экономикасының 500 000-нан астам 15 жастағы білім алушылары қатысты.

Қазақстанның атынан еліміздің 16 өңірінің 15 жастағы 5 780  оқушы мен студенті қатысты (189 мектеп және 27 колледж).

ЭЫДҰ елдерді жинаған ұпайлары бойынша рейтингке бөлмейді. ЭЫДҰ негізгі мақсаты елдердің білім беру жүйелерінің үрдісін көрсету.

PISA-2012 зерттеумен салыстырғанда қазақстандық қатысушылар зерттеудің барлық бағыттары бойынша халықаралық тесттің көрсеткіштері жоғарылады. Математика бойынша нәтижелердің өсімі 28, ал жаратылыстану бойынша 31 ұпайды құрады.

Математикалық және жаратылыстану құзыреттері үрдісінің тренді жоғары деңгейде сақталады. 2012 жылғы үрдіс 2009 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 27 және 25 ұпайларды құрады.

PISA-2015 зерттеуінде 15 жастағы білім алушылар ұпайлары өсімінің ең жоғарғы көрсеткішін оқу сауаттылығы бойынша көрсетті (+34).

Бұл Елбасының тапсырмасы бойынша іске асырылған "Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық ic-қимыл жоспарының" және мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұнына өтуге арналған іс-шаралар арқасында мүмкін болды.

Осылайша, Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының болжамды көрсеткіштері көрсетілген математика бойынша 440 ұпай (нақты 460), жаратылыстану бойынша 430 (456), оқу сауаттылығы бойынша 400 (427) нысаналы индикаторларына қол жеткізілді.

Сондай-ақ, PISA-2015 жобасына алғаш рет Назарбаев зияткерлік мектептерінің барлық 15 жастағы оқушылары қатысты (2 061 адам). Олардың Қазақстанның жалпы нәтижелеріне ықпалы республика оқушыларының жалпы санынан осы оқушылардың үлесі пропорционалды түзетілді.

Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларының көрсеткіштері математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша жетекші білім беру жүйелерінің (Сингапур, Гонконг, Макао, Қытайлық Тайбэй, Жапония және т.б.) бірінші ондығына кіреді.Назарбаев зияткерлік мектептердің қатысушылары математика бойынша 523 жаратылыстану – 517 және оқу бойынша 492 ұпайлар жинады.

PISA-2015 зертеуінде Қазақстанның нәтижелері жабық сұрақтар бойынша көрсетілген. Толық және терең талдау, нақты шешімдер мен ұсыныстар 2017 жылғы Ұлттық есепте айқындалатын болады.

Анықтама үшін:

TIMSS және PISA зерттеулерінің негізгі айырмашылықтары зерттеудің іріктемесі мен әдіснамасына байланысты.

TIMSS зерттеуіне 4 және 8 сынып оқушылары қатысады. Ал PISA зерттеуіне тек 15 жастағы мектеп (7-12 сыныптар) және колледждердің білім алушылары қатысады.

TIMSS академиялық білімді бағалайды (Не? Қайда? Қашан?), TIMSS зерттеуі тапсырмаларының 80% білімді көрсетуге бағытталған.

PISA зерттеуі функционалдық құзыреттерді бағалайдыәртүрлі өмірлік жағдайларда білімді тиімді пайдалану, логикалық ойлау және негізгі қорытынды жасау (Неге? Не үшін? Қалай?), ақпараттық кестелер мен диаграмаларды және т.б. түсіндіру қабілеті. PISA зерттеуі сұрақтарының 70%-ы білімді пайдалана алу қабілетін бағалайды.