You are here

Қазақстанның оқушылары ЭЫДҰ елдеріндегі құрдастарынан 1,5 – 2,5 жылға артта қалады

Printer-friendly versionPDF version

 

Қазақстанның 15 жастағы оқушылары ЭЫДҰ орташа статистикалық оқушыдан мәтінді оқу сауаттылығы бойынша 2,5 жылға, жаратылыстанудан 2 жылға, математикадан 1,5 жылға артта қалады. 

Қазақстан ЭЫДҰ үздік 30 елдің қатарына халықтың зияты және сауаттылығы дамыған елдердің стандарттарына сәйкес келмейінше кіре алмайды. Бұл туралы бүгін Астанада "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ президенті Серік Ырсалиев айтты деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
 
Қазіргі уақытта, PISA рейтингінің (Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы) деректеріне сәйкес Қазақстанның 15 жастағы оқушылары ЭЫДҰ елдерінің орташа статистикалық оқушысынан мәтінді оқу сауаттылығы бойынша 2,5 жылға, жаратылыстанудан 2 жылға, математикадан 1,5 жылға артта қалады.
 
«Бірақ бұл ең қорқынышты нәрсе емес, - деп сарапшы пікір білдірді. - PISA бізге Қазақстанның ауылдық және қалалық жердің, екі ата-анасы бар, ата-анасының жоғары білімі бар, жақсы табыс табатын ата-анасы бар, өзінің жеке үстелі, үйдегі компьютері бар баланың және осының бәрі жоқ болған баланың арасындағы білім сапасының ішкі саралауын өлшейтін құралды береді».
 
«Бұл зерттеуге қатысқан балаларды әлеуметтік мәртебесі бойынша 4 топқа бөлдік, - деп жалғастырды Ырсалиев. - Табысы аз жалғыс басты ананың, өз бөлмесі жоқ баласы барлық жағдай жасалған баладан 2 жылға артта қалады. Бұл өте қауіпті. ЭЫДҰ өлшеу құралдары, мысалы мұғалімдер корпусы, біз үшін өте маңызды. Біздің мұғалімдер ЭЫДҰ елдеріндегі және басқа мемлекеттердегі әріптестермен салыстырғанда қандай екенін әлі күнге дейін білмейміз».
 
Спискердің айтуынша, Қазақстан оқытушылардың білімі саласындағы алғашқы зерттеуді 2017-2018 жылдары өткізеді, мұнда ЭЫДҰ сәйкес өлшемдер жасайтын болады.
 
Сонымен қатар, қазір ЭЫДҰ қазақстандық төртінші сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығын өлшеп жатыр. 
 
«Компьютерлік дағдыларды және АКТ дағдыларды меңгеру заманауи адамның басты дағдылары болып табылады. Біз бұл салада ЭЫДҰ елдерінің тұрғындарымен салыстырғанда қаншалықты сауатты екенімізді әлі күнге дейін білмейміз. Тағы бір маңызды зерттеу PIАAC деп аталады, оны да ЭЫДҰ өткізеді. Ол 16-дан 65 жасқа дейінгі ересектердің құзыреттілік деңгейін өлшейді. Біз барлығымыз сауаттымыз, құзыреттіміз, біздің қолымыздан бәрі келеді деп ойлаймыз. Бірақ біз ЭЫДҰ кез келген елінің орташа статистикалық тұрғынына қарағанда қаншалықты сауатты, қаншалықты құзыретті екенімізді айта алмаймыз. Осындай зерттеу 2018 жылы өткізілетін болады».
 
Сарапшының айтуынша, зерттеулердің нәтижелері жарияланғаннан кейін Қазақстанның тұрғындары өздерінің қаншалықты сауатты екендерін біле алатын болады.
 
«Осындай өлшемдерсіз, осындай нақты, анық критерийлерсіз біз алға жылжи алмаймыз. Біз өз білімімізді жетілдіре отырып, өзіміздің әлсіз жақтарымызды білу, жауапты талап ететін сұрақтарға жауап беру, қандай бағытта жұмыс істеу керек екенімізді білу керекпіз. Сондықтан, әрине, қазір уақытта әлемде басқа ештеңе жоқ».
 
Сонымен қатар, ол ЭЫДҰ ең жоғарғы стандарттарды және қағидаттарды әзірлегенін айтты. Ұйым жыл сайын білім сапасы, әлемдегі 300-ден астам параметр бойынша білім берудің шартты стандарттары туралы баяндама жариялайды. 
 
«Біз оларды мұқият зерттеп, өзімізбен салыстырып, қорытындылар жасап және алға жылжып жатырмыз» - деп қосты Ырсалиев.