You are here

Қазақстанның TIMSS-2015 және PISA-2015 халықаралық зерттеулеріне қатысу қорытындылары бойынша Ұлттық есептер

Printer-friendly versionPDF version

 

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Қазақстанның TIMSS-2015 және PISA-2015 халықаралық зерттеулеріне қатысу қорытындылары бойынша Ұлттық есептерді әзірлеп жариялады. 

«Қазақстанның TIMSS-2015 халықаралық зерттеуіне қатысу нәтижелері» Ұлттық есебінде TIMSS зерттеуінің 20 жылдық мерзіміндегі 50-ден астам елдің TIMSS зерттеуінің 20 жылдық мерзіміндегі математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім сапасы өзгерістерінің трендтері сипатталады. Қазақстанның зерттеуге қатысу нәтижелері халықаралық және өңірлік тұрғыдан келтіріледі.

Оқушылардың халықаралық тестті тапсырмалардың күрделілік деңгейлері, мазмұндық салалар, оқу-танымдық қызметтің түрлері бойынша орындаудың салыстырмалы талдауы  да жасалды. TIMSS-2015 зерттеуіне қатысқан қазақстандық 4-ші және 8-ші сынып оқушыларының көрсеткіштері зерттеудің нәтижелеріне ықпал еткен факторлар тұрғысынан да келтіріледі.

«PISA-2015 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері» Ұлттық есебінде 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын РISА-2015 халықаралық бағдарламаның нәтижелері беріледі.

15 жастағы қазақстандық білім алушылардың нәтижелері жабық сұрақтар бойынша беріледі. Қазақстандық қатысушылардың халықаралық тестті орындау көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы өңірлік тұрғыдан келтіріледі. 15 жастағы білім алушылардың нәтижелеріне ықпал еткен басты факторлар анықталды. 

Ұлттық есептер халықаралық сарапшылар мен еліміздің академиялық қоғамына арналған маңызды аналитикалық ақпаратты қамтиды.