You are here

Көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 15 наурызда Ақпараттық-талдау орталығында оқу практикасынан өтіп жатқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, KazGUU, Назарбаев университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Сорбонна-Қазақстан институтының студенттеріне арналған "Көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі" минитренинг өткізілді.  

Минитренингті Халықаралық салғастырмалы зерттеулер департаментінің бас талдаушысы, әлеуметтік ғылымдардың кандидаты (PhD) Айгүл Қуанышқалиқызы Есенғалиева өткізді.

Минитренинг көпшілік алдында сөз сөйлегенде, қорқыныш-үрейден арылуға, тындармандар алдында қобалжымауға және аудитория назарын ұстай, жақсы көңіл-күйде сөйлей отырып, дене қимылын, дауыс ырғағын, көз байланысын белсенді және сауатты қолдануға, кез-келген тақырыпта сөйлеуге бағытталды.  

Қатысушылар тренингтен көп жағымды эмоциялар алды. Тренинг оларға қарым-қатынас жасауда кедергілерді еңсеруге және көпшілік алдында сөз сөйлеуге қорықпауға көмектесті.