You are here

ҚР БҒМ «Білім» алғашқы партия ұйымдарының қатарын толықтыру

Printer-friendly versionPDF version

«Нұр Отан» партиясының Астанадағы қалалық филиалының «Бірлік» филиалының Білім» алғашқы партия ұйымында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, «Білім» алғашқы партия ұйымының төрағасы Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлының басшылығымен партиялық жиналыстың ашылуы өтті.

Жиналыста «Нұр Отан» партиясының соңғы бағдарламалық құжаттарының аясында Министрліктің партия мүшелерінің алдында тұрған міндеттер, алғашқы партиялық ұйымдардағы ағымдағы жағдайдың мәселелері талқыланды.

«Білім» алғашқы партия ұйымының төрағасы Ә.М. Рахымжанов ағымдағы жылдың қаңтарында алғашқы партия ұйымының бюросында Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомствоаралық ұйымдарының 70-тен астам қызметкерлерінің «Нұр Отан» партиясына қабылдау жөнінде өтініштері қаралғанын атап өтті.

Аталған фактілер Министрліктің орталық аппаратының, ведомствоаралық құрылым қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі қоғамдық өмірге белсенділігін дәлелдейді. Еліміздің алдағы партиялардың алдында тұрған ауқымды мақсаттар мен міндеттері, «Нұр Отан» партиясының курстарын қолдау жөнінде айтады.

Партияның жарлығы мен алғашқы партия ұйымының, алғашқы партия ұйымы бюросының  ережелеріне сәйкес ұсынылған барлық құжаттар қаралды және белгіленген тәртіппен партияның аумақтық филиалдарына жіберілді.

«Білім» алғашқы партия ұйымының төрағасы Ә.М. Рахымжанов жиналыстың қатысушыларына партияның жарғысына сәйкес партияның мүшелігі дербес, ерікті және тиянақталған екенін айтты.

Партияның мүшесі Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, партияның жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын орындайтын, партияның алдында тұрған міндеттерді іске асыру, мақсаттарға жетуге белсенді араласатын, партияның жарналарын уақытылы төлеп отыратын азамат бола алады.

Ә.М. Рахымжанов «Нұр Отан» партиясында өзінің баяндамасымен партия мүшелерін құттықтады, оларға партия билеттерін табыс етті. Партияға жаңадан қабылданған мүшелерге Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөздері ең үздік тілек бола алады: «Егер Сен партия мүшелігіне кірген болсаң, тек сөзбен ғана емес, істеген ісіңмен, яғни сен партия мақсаттарын бөле алатыныңды, оларды іске асыруға белсенді араласатыныңды, «Нұр Отан» партиясының беделін көтере алатыныңды дәлелде». Осы ісіңмен сен мемлекетіміздің нығайуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға өз үлесіңді қосасың». (2008 жылғы «Нұр Отан» саяси кеңесінің партиясы кеңейтілген отырысындағы сөйлеген сөзі.)

Жаңа партия мүшелерінің атынан Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Ы.К.Кұлатай жиналыста сөз сөйледі, «Білім» алғашқы партия ұйымының төрағасына өз алғысын білдірді және партия талаптарын сөзсіз орындайтыны да айтып өтті.

АНЫҚТАМА:

Партия мүшесі құқылы:

  •  партияның және партия ұйымдарының бағдарламалық және өзге де құжаттарын әзірлеуге қатысу;
  •  партияның және оның филиалдарының органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
  •  партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына партияның атынан кандидат болып заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынылу;
  •  партияның қолдауымен заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттығына және мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы басқа да сайланбалы лауазымдарға ұсынылу;
  •  өз пікірін еркін айту, партия қызметінің мәселелерін еркін талқылау, ауызша және жазбаша түрде ұсыныстар енгізу, партияның кез келген органы мен кез келген партия мүшесін сынау;
  •  партияның қорғауы мен қолдауын пайдалану;
  •  өзін қызықтыратын сұрақтар бойынша партияның кез келген органына өтінім жасау және тиянақты жауап алу.

Партия мүшелері:

  •  партия Жарғысының, Бағдарламасының және партия қызметін реттейтін басқа да құжаттардың талаптарын сақтауға;
  •  партияның жарғылық және бағдарламалық мақсаттарын, сайлауалды тұғырнамасын түсіндіруге және қуаттауға;
  •  партия органдарының шешімдерін орындауға. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін партия мүшелері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында партияның және оның органдарының шешімдерімен байланысты емес;
  •  партия жұмыстарына жеке қатысуға, өз әрекеттерімен партияға тиесілігін дәлелдеуге және оның халық арасындағы беделі мен ықпалының артуына атсалысуға;
  •  мүшелік партия жарналарын уақтылы төлеп тұруға;
  •  тұрғын орны ауысқан жағдайда партиялық есепке тұруға;
  •  партияның рәміздеріне, сондай-ақ партия құжатына ұқыпты қарау және оны сақтауды қамтамасыз етуге;
  •  партия жиналыстарына тұрақты қатысуға міндетті.