You are here

ҚР БҒМ білім, ғылым, жастар саясаты және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы

Printer-friendly versionPDF version

ҚР БҒМ сайты

20 қаңтарда министр Ерлан Сағадиевтің қатысуымен ҚР БҒМ білім, ғылым, жастар саясаты және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Кеңес мүшелері 2016 жылдың бюджеттік бағдарламаларының есептерін тындады, оны бюджеттік жоспарлау департамент директорының м.а. Гаухар Шакаева баяндады. Қоғамдық кеңестің 2016 жылы атқарылған жұмысы туралы есепті Қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Ырсалиев ұсынды. Кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Министрліктің өткен жылғы бюджеті 493,3 млрд теңгені, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында 100,2 млрд теңгені, орта білім беру саласында 121,5 млрд теңгені, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 19,3 млрд теңгені, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында 211,3 млрд теңгені, ғылым саласында 35,5 млрд тенгені құрады.

490,7 млрд теңге (99,5%) қаражат игерілді. Игерілмей қалған шамалы пайыздың қалғанына өнім берушілердің міндеттерді орындамау, сапасыз орындау және уақытылы орындамау сияқты факторлар ықпал етті. «Жосықсыз өнім берушілерге және міндеттерді орындамағандарға қандай санкциялар қолданылады?» - деп сұрады Қоғамдық кеңестің мүшесі Геннадий Гамарник.

- Жосықсыз өнім берушілер, міндеттерді орындамаушылар заңда қарастырылған жауапқа тартылады: тәртіптік жаза қолданылып, сотқа арыздар беріліп жатыр, - деп айтты Ерлан Сағадиев. – Үш ЖОО-ның студенттік жатақханаларын салу бойынша соммасы 192,7 млн теңгені құрайтын міндеттерді орындамау орын алды (пайдалануға беру мерзімі шегерілді). Біздің пікірімізше, БҒМ құрылыс мәселелерімен айналыспау керек сияқты. 2017 жылы министрлік бірде-бір құрылысты бастамайды, онымен ЖОО-дың өздері айналысады. Бұл тек құрылысқа ғана қатысты емес, сонымен қатар олимпиадаларды, әртүрлі студенттік жиындарды, жарыстарды, басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға да қатысты, бұл - білім министрлігінің құзыретінде емес, әкімдіктің, дене шынықтыру орталықтарының, ЖОО немесе басқа да ұйымдардың құзыреті болу керек! БҒМ шаруашылық қызметпен айналыспауы тиіс, оның қызметінің өрісі білім берудегі шығармашылық, оқулықтар, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, елдің білім беру саясаты, білім беру жүйесінің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру сияқты мәселелермен байланысты стратегиялық бағыт болу керек.

Ерлан Сағадиев білім беру саласын бақылауға қоғам қосылады деп мәлімдеді, осылайша, білім беру мекемелерінде Бақылау кеңестеріне (БК) екпін қойылатын болады. Соңғы БК балалар үйінде құрылды. ЖОО-да БК-не бағынатын ішкі аудит қызметтері құрылып жатыр.

Өз жағынан Қоғамдық кеңес мүшелері Үкіметке білім беру саласында заң шығарушы құжаттарды атқарушы органмен (БҒМ) келісу мерзімдерін анағұрлым ұзақ қарастыру регламентін өзгерту туралы ұсыныс жасады, бұл "оң" және "теріс" жақтарын қарастыруға, талқылауға, түсіндіру жұмыстарын өткізуге анағұрлым көп уақыт беретін еді, бұл қоғамды белгілі бір жаңалықты енгізуді қабылдауға дайындауына мүмкіндік беретін еді. Білместіктен, түсініксіздіктен, алдын ала жеткіліксіз ақпараттандырылмағандықтан ең игі және ілгерішіл өзгерістер халық арасында жиі қолдау таппай жатады. ҚК мүшелерінің пікірінше, білімнің ең маңызды мәселелері, ал бұл болса, қазақстандық әрбір отбасыға қатысы бар, асығыссыз және өте тиянақты қарастырылу керек.

-  ҚР БҒМ Қоғамдық кеңесі өткен жылдың ақпан айында – министрліктердің арасында бірінші болып құрылды, сондықтан оны ұйымдастыру тәжірибесіне, қызметті жүзеге асыруды бастауға біздің басқа да әріптестеріміз жүгінді, бұл БҒМ-не де, жаңа құрылған Қоғамдық кеңеске де одан да көп жауапкершілікті жүктейтін еді, - деп атады ҚР БҒМ Жауапты хатшысы Амерхан Рахимжанов. -  Тәжірибе кеңестердің әрекетке қабілеттілігін көрсетеді, олар пайда болғаннан кейін қоғамның қазақстандықтар үшін маңызды мәселелерді талқылауға қатысуы кеңейтілді. ҚР БҒМ Қоғамдық кеңесі еліміздегі ең белсенді әрекет ететін кеңестердің бірі болып табылады, біз бұны мақтан етеміз.