You are here

ҚР БҒМ Қоғамдық Кеңесі құрылды

Printer-friendly versionPDF version

 

22 ақпанда жұмыс тобының мүшелері ҚР БҒМ Қоғамдық Кеңесін құрды. ҚР "Қоғамдық кеңестері туралы" заңына сәйкес қоғамдық кеңестер - министрліктер, орталық атқарушы органдар құратын кеңес беру - кеңесу, бақылау органдары. Енді міне ҚР БҒМ өзінің Қоғамдық Кеңесі құрылды. Оның төрағасы болып еліміздің білім беру саласында әйгілі әрі беделді адамдардың бірі, "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-тың президенті Серік ИРСАЛИЕВ тағайындалды.

Жұмыс тобының мүшелерін анықтау, ал содан кейін Қоғамдық Кеңестің мүшелерін сайлау рәсімі ашық әрі демократиялық түрде өтті. Ережелерге сәйкес кеңес мүшелігіне кандидаттарды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсына алды, сонымен қатар азамат өзін-өзі де ұсына алды. Байқау өтініштері көп түсті, дегенмен жұмыс тобы мүшелерінің дауыстары ғана лайықты үміткерлерді анықтауда заңды болды. 

Қоғамдық Кеңестің алғашқы отырысын жұмыс тобының жетекшісі, ҚР БҒМ жауапты хатшысы Амерхан РАХЫМЖАНОВ ашты, ол қоғамдық кеңестер қызметінің басты мақсаты қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру, оның мүдделерін қорғау, қоғамдық пікірге есеп жүргізу, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қарым-қатынастарын дамыту болып табылатынын тағы да атап өтті.  Кеңес Президиуміне 9 адам кірді. ҚР БҒМ-нен – министр Ерлан САҒАДИЕВ, жауапты хатшы Амерхан РАХЫМЖАНОВ, заң департаменті директорының м.а. Нұрғали МАМЫТОВ, сонымен қатар Қоғамдық Кеңес Төрағасы Серік ИРСАЛИЕВ және сайланған комиссия төрағалары – Ахылбек КҮРІШБАЕВ, Геннадий ГАМАРНИК, Қадырбек БОРИБЕКОВ, Есберген АЛАУХАНОВ, Римма СЕЙДАХМЕТОВА. Олардың барлығы да Қазақстанның білім беру саласында әйгілі да беделді тұлғалары болып табылады. ҚР БҒМ Қоғамдық Кеңес құрамына 21 адам кірді.