You are here

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы еліміздің барлық педагогикалық қауымын, барлық қазақстандықтарды біздің оқушылардың TIMSS-2015 халықаралық зерттеуінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгенімен құттықтайды!!!

Printer-friendly versionPDF version

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы еліміздің барлық педагогикалық қауымын,

барлық қазақстандықтарды біздің оқушылардың TIMSS-2015 халықаралық зерттеуінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгенімен құттықтайды!!!

Бүгін, 29 қарашада, Астана уақытымен сағат 15.00-де IEA (International Association for the Evaluation Educational Achievement) Білім беру жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығы  TIMSS- 2015 (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуінің нәтижесін ресми түрде жариялады.

Біздің оқушылар жаратылыстану-математикалық сауаттылығы бойынша Ресеймен салыстырмалы нәтижелер көрсетіп, АҚШ, Англия, Германия, Канада, Автралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланды, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және басқа мемлекеттердегі құрдастарынан озып шықты.

Қазақстандық оқушылардың математикалық-жаратылыстану дайындық нәтижелері халықаралық орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары.

Қазақстандық сегізінші сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша нәтижелері  39 ел ішінен 7 және 9 орындарға сәйкес.

Төртінші сынып оқушыларының орташа көрсеткішінің өсімі TIMSS-2011-мен салыстырғанда жаратылыстану ғылымдары бойынша 55 және математика бойынша 43 ұпайды құрады. Бұл - зерттеуге қатысқан 49 елдің арасынан 8-ші және 12-ші орындар.

TIMSS-2015 зерттеуінің нәтижелері туралы анағұрлым толық ақпарат 2016 жылғы 30 қарашада жарияланатын болады.