You are here

ҚР бәсекеге қабілеттілігі: Халықаралық рейтингтерде позициясын бекітудің мүмкіндігі

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылғы 9 желтоқсанда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да (бұдан әрі – ЭЗИ) ЭЫДҰ сарапшыларымен жұмыс кездесуі өтті.

ЭЗИ маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен заң жобаларын дайындауға, елдің экономикалық жағдайын бағалауға, мемлекеттiк және жекеменшік секторларының өзара қарым-қатынасы, елдiң макроэкономикалық және аумақтық дамуына арналған орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективалар бойынша стратегиялық мiндеттердi іске асыру жөніндегі ұсынымдар жасауға белсенді қатысады.  

Кездесуде Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі ағымдық статусы, елдің макроэкономикалық көрсеткіштері мен шағын және орта бизнестің қазіргі кездегі жағдайының талдауы жөніндегі мәселелер қозғалды. Ұлттық статистикалық жүйеге ерекше көңіл бөлінді. ЭЫДҰ сарапшыларын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистикасы Фраскати халықаралық жетекшілігі мен Евростат регламентіне сәйкес қалыптастырылады ма деген сұрақ қызықтырды. ЭЗИ өкілдері ЭЫДҰ сарапшыларының барлық сұрақтарына жауап берді.

ЭЫДҰ өкiлдері кездесуге қатысушыларға ынтымақтастықтары үшін және ҚР Инновациялық саясатына шолуын құрастыруға бағалы ақпарат бергендері үшін алғыс айтты.