You are here

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты және Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Балиева Зағипа Яхянқызымен кездесу

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылы 15 маусымда «Ақпараттық – талдау орталығы» АҚ, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және «Digital life style» ЖШС қызметкерлері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты және Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Балиева Зағипа Яхянқызымен кездесті. 

Кездесу барысында, Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) мүмкіндіктерімен таныстырылды, мемлекеттік органдардың басқа да ақпараттық жүйелері ҰБДҚ-мен біріктірілуі, ақпаратты беру құқықтық аспектілері мен ҰБДҚ-на барлық мүдделі тараптарға қолжетімділік бойынша сұрақтар талқыланды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету, есепке алу және мониторинг жасауға ерекше назар аударды.