You are here

ҚР Тұңғыш Президенті күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Жастар қуаты» республикалық жастар форумы

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 1 желтоқсанда Тәуелсіздік сарайында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Жастар қуаты» республикалық жастар форумы өтті. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 1000-нан астам адам, соның ішінде өнеркәсіптің әртүрлі салаларының кәсіпкерлері мен қызметкерлері, ғалымдар, студенттер, атақты спортшылар мен ірі жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Кездесуге «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ  менеджері,  «Жас Отан»  жастар қанатының белсендісі Манар Молдали қатысты.

-  Жас ұрпаққа, Сіздердің қазіргіңіз бен болашағыңызға қамқорлық жасау менің саясатымның әрдайым басты мақсаты болды. Әрбір жас қазақстандық жақсы білім алуға, жұмыс тұруға, отбасын құруға, меншік тұрғын үйді алуға мүмкіндігі бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.