You are here

ҚР жоғары білім беру жүйесін дамыту мәселелерін шешуге ЭЫДҰ көмектеседі

Printer-friendly versionPDF version
Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы (ЭЫДҰ) Елдік ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның жоғары білім беруіне шолу дайындайды. 
 
ЭЫДҰ стандарттарын енгізуге мүмкіндік беретін осындай бағдарламалар Ұйымға мүше емес әлемнің төрт елі үшін әзірленгенін атап өткен жөн. Сол елдің ішіне Қазақстан кіреді. Қазақстан мен ЭЫДҰ бұл екіжақты ынтымақтастығы елдің мемлекеттік басқару жүйесіндегі білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, фискалдық саясат салаларында бәсекеге қабілеттілігін арттырады және іскерлік климатты жақсартады.
 
Бұл ЭЫДҰ-ң біздің білім беру жүйесіне жасасаған қайталама шолуы екенін еске салған жөн. Алғаш рет бұндай жұмыс 2007 жылы өткізілді. Бұл жолы ЭЫДҰ өкілдері қол жеткізілген көрсеткіштерді бағалайды, сонымен қатар елдің білім беру саясатындағы мәселелерді шешудің басқа жолдарын ұсынады. ЭЫДҰ-ң жуырдағы (2013ж.) Қазақстанның орта білім беру талдауы мен орта кәсіптік білім беру мен оқыту талдауы шолудың негізі болады. Олар ҚР жоғары білім беру жүйесін ары қарай дамыту үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Жоба шеңберінде ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанға іс-сапар жоспарлап отыр. Далалық зерттеулер барысында олар негізгі стейкхолдерлармен (орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар, ректорлар, профессорлар мен оқытушылар құрамы, студенттер, ғылыми қызметкерлер, азаматтық қоғам, бизнес және әлеуметтік серіктестермен және т.б.) сұқпат өткізеді. Сарапшылар тобы аймақтық жоғары білім беру ұйымдарын көреді. 
 
ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов атап өткендей, Елдің бағдарламасын іске асыру туралы меморандум – екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық маңызды кезеңі болып табылады. Бұл 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына  ену  ұзақ мерзімді мақсатқа қол жеткізу үшін ЭЫДҰ елдерінің ең озық тәжірибелерін енгізуге ұмтылатындығын дәлелдейді .
Жалпы, бағдарламамен реформалар өткізу, сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ірі жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Елдік бағдарлама Қазақстанға ЭЫДҰ-ның бірқатар декларациялары мен ұсынымдарына қосылуға және оның бөлімшелерінің жұмысына қатысуға мүмкіндік береді.