You are here

ҚР ЖОО-лары Бақылау кеңестерінің мүшелерін оқыту

Printer-friendly versionPDF version

 

Бүгін ҚР ЖОО-лары Бақылау кеңестерінің мүшелерін оқыту басталды.

Оқытуды Semantica Ltd жоғары білім беру саласында кеңес беретін компанияның негізін қалаушы, білім беру саласындағы сарапшы  Стивен Хэйген (Stephen Hagen) өткізді. Сарапшының еңбек жолы әлемнің жетекші ЖОО-ларындағы - Ньюпорттың Уэльс Университетіндегі (Ұлыбритания), АТМО Университетіндегі (Ресей, Санкт-Петербург) басшы позицияларды қамтиды. Профессор Хэйген шетелдік ЖОО-лардағы стратегиялық жоспарлау тәжірибесімен және Бақылау кеңесінің осы үрдістегі рөлімен бөлісті.

Семинардың екінші бөлімін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор ұлттық сарапшы Нұрлан Оразбаев өткізеді. Өз сөзінде сарапшы ЖОО-дағы қаржы менеджменттің ерекшеліктерімен бөлісті. 

Оқыту бағдарламасы қазақстандық және шетелдік ЖОО-лардың шынайы кейстеріне негізделген. Оқыту "Топ-менеджменттің жаңа қағидаларын ескерумен ЖОО-ларда Басқарудың корпоративтік органдарының қызметіне мониторинг жүргізу және  бағалау" жобасы аясында өткізіледі. Бақылау кеңестерінің мүшелерін оқыту еліміздің төрт өңірінде - Ақтөбе, Шымкент, Алматы және Өскемен қалаларында жалғасады.