You are here

«Кәсіптік дағдыларды өзгермелі әлем үшін өзгерту" конференциясы (Changing Skills for a Changing World), Турин

Printer-friendly versionPDF version

 

А.ж. 6-8 маусымда Турин қаласында (Италия) Линготто конгресс орталығында Турин процесі бойынша "Кәсіптік дағдыларды өзгермелі әлем үшін өзгерту" (Changing Skills for a Changing World) атты жыл сайынғы конференция өтті. Ақпараттық-талдау орталығының (бұдан әрі – Орталық) атынан конференцияда Жоғары және кәсіптік білім департаментінің бас талдаушысы Аида Ахметжанова өкілдік етті.

Шара барысында ұлттық үйлестірушісі АТО болған Турин процесі-2016 төртінші кезеңінің қорытындылары жасалды. Қазақстан – Турин процесі бойынша ұлттық есепті өз бетінше жазу тапсырылған Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет.

Сонымен қатар, ТжКБ жүйесінің негізгі жетістіктері және мәселелері бойынша жұмыс талқылаулары жасалды, жас инноваторлардың бизнес идеялары ұсынылды. Конференцияның жұмысына конференцияны ұйымдастырған Еуропа Білім Қорымен (бұдан әрі - ЕБҚ) серіктес 28 елден 300 өкіл қатысты.

ЕБҚ (European Training Foundation) – Европа Одағының (бұдан әрі - ЕО) агенттігі, ол ЕО-ның көршілес серіктес мемлекеттеріне кәсіптік білім беру және оқыту жүйесін реформалауға көмектеседі.

Конференцияда ЕБҚ директоры Мадлен Сербан, Түркия сауда палатасының бас хатшысы Осман Йылдыз, Қазақстан Жас кәсіпкерлер қауымдастығының директоры Арман Тосқанбаев, Украина Металлургтер федерациясы директорының орынбасары Елена Колесникова, Cedefop Еуропалық ТжКБ дамыту орталығының директоры Джеймс Калейя алғысөз айтты. Баяндамашылар ХХІ-ғасыр жағдайында әлемнің тұрақсыздығын және халықтың дағдыларын өзгерістерге бейімдеу қажеттілігін атады.

Конференция барысында ұйымдастырылған бизнес бастамаларының көрмесі ЕБҚ серіктес 28 елінен жас кәсіпкерлерге өздерінің көрнекті әзірлемелерін көрсетуге мүмкіндік берді. Осылайша, Wand.education румыниялық стартаптың өкілдері мұғалімдердің интерактивті сабақтарды жасауына арналған платформаны ұсынды. Платформа ақпараттты интерактивті ойындар, тапсырмалар, кроссвордтар арқылы анағұрлым құрылымдық түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Платформаға қазірдің өзінде интерактивті ойындардың 15 шаблоны жүктелген.

Қазақстан Жас кәсіпкерлер қауымдастығының директоры Арман Тосқанбаев гидропонды қондырғыны көрсетті, көлденең көп сатылы сөрелерде жемдік астықты өсіру оның идеясы болып табылады. Осы әзірлеменің арқасында фермерлер өздерінің жертөлесінде малға жемді өсіре алады. Сонымен қатар, презентация барысында Қазақстандық кәсіпкерлер "Отан" сағат брендін, сондай-ақ "Идеядан бизнеске" авторлық кітабын ұсынды.

Іс-шараның соңында Еуропа Кеңесінің жұмыспен қамту, дағдылар, еңбек ұтқырлығы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссары Марианн Тиссен сөз сөйледі. Ол мемлекеттердің инновациялық тұрақтылығын халықтың дағдылары анықтайтынын атады. Халықаралық зерттеулердің деректері бойынша қолда бар мамандықтардың жартысы 2055 жылға қарай автоматтандырылады. Жаңа мамандықтар халықтан жоғары дағдыларды талап етеді. Халықты және дағдыларды инвестициялау тұрақты және инклюзивті қоғамды қалыптастыруға, сондай-ақ біліктілігі жоғары адамдардың кетуін алдын алуға  мүмкіндік береді. 

Конференция аяқталғаннан кейін а.ж. 9-12 маусымда ЕБҚ сарапшылары кеңес берді. Кеңес беру барысында Турин процесін өңірлік деңгейде жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Осылайша, ЕБҚ сарапшысы Дидье Гелибертпен жұмыс орнында оқыту мәселесі, Джулиан Стенлимен колледж мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мәселесі, Кристина Мереутамен еңбек нарығының және ТжКБ түлектерін жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Турин процесі-2016 зерттеуінің ұлттық нәтижелерімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады http://www.etf.europa.eu/web.nsf/pages/TRP_2016-17_Kazakhstan