You are here

Лаңкестік құбылысы білімнің жетіспеушілімен байланысты емес

Printer-friendly versionPDF version
Лаңкестер – осындай бұзушылықтарға басынан икемі бар болған адамдар, деп мәлімдеді "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ президенті Серік Ырсалиев.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесіне "дені сау адамға теріс іс-әрекет жасауға ешқашан итерлемейтін өмір төзімділігінің негізін салатын" барлық қажетті компоненттер мен элементтер салынды", – деп санайды "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ (АТО) президенті Серік Ырсалиев.

Оның айтуынша, радикалды идеология ұстанушылар және оны практикада іске асырушылар білім беру жүйесінде гуманитарлық құндылықтарды толық алмаған адамдар болып табылады.   

"Бұл - қылмыстық ортаның жанында болған және жастайынан құқық бұзушылыққа бейім болған адамдар. Осындай адамның ойына өте қызық әрі әділ болып көрінетін кейбір идеялар кіргенде және осындай идеялар оны практикалық іс-әрекеттерге итермелегенде, осындай адамдар өлтіруге дейін барады. Бірақ лаңкестік құбылысы білім беру жүйесінде жоқ нәрсемен байланысты емес. Мұнда көп факторлы талдау жасау керек", - деді АТО басшысы.

Ырсалиевтың айтуынша, зерттеулер кеңес үкіметінен кейінгі кеңістік аумағындағы лаңкестік қылмыс элементтерімен байланысты, ал діни экстремизм Солтүстік және Орталық Африка, сонымен қатар Магриб елдерінде әлдеқайда жоғары таралғанын көрсетті.

"Заманауи әлемнің сын-қатерлеріне жауап беретін жаңа мектеп пәндерін жасау қазір пайдасыз. Әлем тез өзгермелі және болжауға келмейтіндей болды. Осының бәрін оқу жоспарында және бағдарламасында қарастыру мүмкін емес. Кейбір мемлекеттер басқа жолды таңдады. 1997 жылдың өзінде-ақ олар: "Біздің білім беру жүйемізді ақпараттың үлкен ағымында біздің балаға өз бетінше бағдарлануға мүмкіндік беретіндей етіп жасайық, балаға ақпаратты іріктеуге, талдауға, құрылымдауға және өз өмірінде тиімді пайдалануға үйретейік", - деп айтты. Міне, осы парадигманы бірінші сыныптан бастап мектептерге тек осы жылы ғана енгіземіз, ал біз 20 жылға артта қалдық", - деді сарапшы.

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2011 жылғы 15 қыркүйекте құрылды. 2012 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім мен ғылым саласын бақылау комитетінің шешімімен "ғылыми ұйым" мәртебесі берілді.

2015 жылдың өзінде-ақ Білім және ғылым министрлігі Қазақстан мектептеріне енгізілетін жаңалықтар туралы хабарлады. Жаңа оқу стандарттары білім беруді білім беру әдістемесі жағынан да, білімді бағалау жағынан да анағұрлым үлкен дәрежеде ізгілендіруге бағытталды. Оқу бағдарламалары сәтті әлеуметтендіру негізіне салынған құзыреттіліктерді қалыптастырады.