You are here

Әлемдік трендтер арнасында болу

Printer-friendly versionPDF version

 

"Казахстанская правда" №15 (28394), 24 қаңтар 2017ж.

Білім берудің заманауи жүйесі осы салада пайда болып жатқан жаңалықтардың бәріне тез әрі нақты жауап беруге қабілетті болу керек. Қазақстандық мектептегі білімнің координаттарының әлемдік жүйесінде қандай орын алатыны, білімнің жаңартылған мазмұнын енгізуге не себеп болғаны және мектептен шыққанда бізге қандай түлек керек екені туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті Серік Ырсалиев сұхбатынан біле аласыздар.  

– Серік Әзтайұлы, білім саласындағы халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу не үшін керек?  Қазақстандық білім жүйесі қазір күрделі реформаларды бастан кешіп жатыр, мүмкін, басында оған үйреніп алу керек шығар?

– Бізге үздік әлемдік тәжірибеге қатысты біз кімбіз және орнымыз қайда екенін  түсіну өте маңызды. Бұл – біз жауап беруге міндетті сұрақтар. Қай бағытта ілгерілеуді білу үшін екі нәрсені: бүгінгі таңда білім беру саласында қандай  әлемдік трендтер бар екенін және екіншісі – біздің базалық жай-күйіміз қандай екенін анық түсіну керек. Бұны біле отырып, білімді ілгерілетудің «жол картасын» жасауға болады.

Бірінші сұраққа жауап беру үшін халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу керек. Олар көп. Ең бастысы – TIMSS, оны оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық өткізеді, содан соң PISA, ұйымдастырушысы - ЭЫДҰ, сонымен қатар PIAAC, TALIS және т.б. бар.

TIMSS 2015 жылы 20-жылдығын тойлады. Қазақстан оған үш рет, 2007, 2011 және 2015 жылдары қатысты. Зерттеу төртінші және сегізінші сынып оқушыларының білімін бағалауға бағытталған, өйткені мемлекеттердің басым бөлігінде төртінші сыныпта бастауыш мектеп аяқталады, демек, қорытындылап дайындық деңгейін анықтауға болады. Төрт жылдан кейін осы оқушылардың білімі, бірақ сегізінші сыныпта, қайта бағаланады. Біздің балалар 2015 жылы анағұрлым әсерлі жетістіктерге қол жеткізді. Сегізінші сынып оқушылары математикадан Оңтүстік Шығыс Азияның жетекші мемлекеттері мен Ресейдің өкілдерін алдыға өткізіп, 7-орынға ие болды. Жалпы алғанда біздің оқушылар АҚШ, Англия, Германия, Канада, Австралия, Швеция, Польша, Чехия, Малайзия, Түркия сияқты көптеген мемлекеттердегі өз құрдастарын білімімен озды....

Біз ТIMSS-ке масаттану үшін қатыспаймыз. Шын мәнінде ТIMSS – бірегей құрал, ол білімнің сапасын әртүрлі факторларға қатысты анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, зерттеу бала білімінің отбасының білім беру ресурстарына заңды тәуелділігін анықтады: егер екі ата-ананың да жоғары білімі болса, табысы жақсы болса, кітаптар сатып алса, Ғаламтордың қолжетімді болуын қамтамасыз етсе, және т.с.с., онда олардың баласы анағұрлым жақсы оқиды. Баланың балабақшаға барғаны, оның қосымша білім алу мүмкіндігінің болғаны да көп нәрсеге әсер етеді. Білімді өлшеумен қатар, ТIMSS ата-аналарға, балаларға, мұғалімдерге сауалнама өткізеді. Біздің мұғалімдер, басқа мемлекеттердегі әріптестеріне қарағанда, анағұрлым патриоттық болып шықты: сауалнамаға қатысқандардың шамамен 100%-ы мамандықтарын мақтан тұтады, ал өз жұмысына қанағаттанушылық – маңызды фактор, сондықтан бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан көшбасшы болды.

– Оқушылардың «не, қайда, қашан?» деген сұрақтарға жауап бере алуы ТIMSS міндеті болып табылады. Ал PISA үшін басқасы маңызды: неліктен, не үшін, қалай? Яғни функционалдық сауаттылықты анықтауға бағытталады. Бұнда біздің орнымыз әлсіздеу ме?

– өткен ғасырдың 80-шы жылдарының соңында әлемнің жетекші білім беру жүйелері дүние өзгермелі болып бара жатыр, ақпарат әрбір екі жылда өзгереді және тек академиялық білім ғана алу аз тиімді болып барады деген қорытындыға келді. Сонымен, басында ағылшын саксондық жүйе, ал содан соң бүкіл әлем білім берудің жаңа парадигмасына өте бастады, бұнда жай академиялық білім ғана емес, білімді күнделікті өмірде тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін функционалдық сауаттылық басшылыққа алынды. Сол кезде алғашқы куррикулумдар жасалды, білімге орталықтандырылған жүйеден құзыретті жүйеге өту процесі басталды.

Кеңестік мектеп бұл өзгерістерге елеп-ескеруге үлгермеді, ал кеңес үкіметінен кейінгі  жаңа тәуелсіз мемлекеттер басқа міндеттерді шешті  – күрделі экономикалық жағдайдағы өзінің ұлттық жүйелерін құрды. Нәтижесінде біздің мемлекеттер білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізуден артта қалды, ал әлем болса, сол уақытта алға ілгеріледі.

1997 жылы білім берудің жаңартылған мазмұнын қалай да болса өлшеу керек деген идея пайда болды. ЭЫДҰ-да үш жыл бойы бұл міндетпен жұмыс істеді, 2000 жылы үш жылда бір рет өткізу жүйелілігімен оқушылардың құзыреттерін өлшеу құралы PISA пайда болды. Бұл зерттеудің барлық тест тапсырмаларының 80%-ы бала білімді шынайы өмірде қалай пайдалана алатынын анықтауға бағытталған. Білім берудің жаңартылған мазмұны біздің елімізде әлемдік үрдістерден айтарлықтай артта қалғанын ескерсек, біздің оқушылар, шынымен, дәл қазір PISA-да жоғары нәтижелерді көрсете алмайды, әйтсе де, математикадан елеулі өсім бар – 72 елдің ішінде жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша біз 42-орындамыз.

Ағымдағы оқу жылы бірінші сынып оқушыларымыз  жаңартылған мазмұнмен оқи бастады, ол жоғары деңгейлі құзыреттерді дамытуға бағытталған. Бағдарламаларды Назарбаев Зияткерлік Мектептері үздік шетелдік мұғалімдер мен ғалымдармен бірлесіп жасады, сондықтан үш кезеңнен кейін, біздің бірінші сынып оқушыларымыз 15 жасқа толғанда, олар айтарлықтай жақсы нәтижелерді көрсетеді деп ойлаймын. НЗМ оқушыларының РISA 2015-ке қатысуы, олар жекелеген топ болды, дұрыс жолды тандағанымызды дәлелдейді, өйткені олар зерттеудің көшбасшыларымен салыстыруға келетін нәтижелерді көрсетті. РISA-да мемлекеттердің балдар бойынша рейтингі жоқ және ол ондай мақсатты ешқашан қоймаған – бұнда мемлекеттердің өздері өздері үшін қайда орналасқандарын және немен жұмыс істеу керектігін түсінуі ең бастысы болып табылады. Дегенмен, егер НЗМ өкілдерінің нәтижелерін балдарға айналдырсақ, онда олар математикадан 7-орында болады. Біздің міндетіміз – еліміздің білім берудің бүкіл жүйесі НЗМ-те жұмыс істегендей  жұмыс істейтіндей қылу керек.

– PISA 2015-те бізге ашық тесттерді қоса есептемеді. Бұл факт тіпті Парламентте де көрінді. Жаңсақтық неде болды?

– РISA-да сұрақтардың 70%-ы – бұл жабық тесттер, бізде ЭЫДҰ-ның өлшеудің негізі құралы дәл осы тесттер болып саналуы туралы ресми түсіндірмесі бар. Және біздің балалар жабық тапсырмаларда айтарлықтай беталысты көрсетті, ол PISA 2012-ден кейінгі үш жылда еліміз бір орында тұрмаумен байланысты: Елбасының тапсырмасымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жоспары орындалып келді, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмысы жүргізілді, тесттік тапсырмалар жетілдірілді.

30% ашық тапсырмаларға келетін болсақ, онда да ЭЫДҰ сарапшыларды елеңдеткен айтарлықтай ілгерілеу бар: олар кодтаушылар, ал бұл білім басқармалары ұсыныс жасаған ең үздік мұғалімдер балаларға тым мейірімді болды және есепке алынбайтын жауапты есептеді деген қорытындыға келді. Біз кодтаушылармен сөйлестік, олар бұндай пікірмен келіспейді және ЭЫДҰ берген стандарттарды басшылыққа алып әрекет еткендеріне сендірді.  Бала сұраққа жауап берді, мән-мағынасын жазды, бірақ бұны нақты емес, кең етіп  айтып берді дерлік. Бұл жағдайда біздің мұғалімдер педагогикалық тәжірибе мен этиканы басшылыққа алып, баланың пайдасына қарай шешім қабылдайтын. Бірақ сарапшылар даулы мәселе туындағанда, анағұрлым қатал болу керек деп шешті, сондықтан бұл 30% есептемеді және барлық есептерде Қазақстанның нәтижелері ашық сұрақтар ескерілмегені туралы шағын ескертпемен көрсетілген. Бұл факт мемлекет мүлдем шығарылды деп пайымдалды. Олай емес. Есепте Қазақстан үш бөлімде, 13 кескінде, 180 кестеде көрсетілген, әртүрлі салыстыруларда 337 рет аталған. Дегенмен, қызметтік тексеру өткізілді, кодтаушылардың жұмысын бақылауға жауапты болған тұлғалар қатаң жазаланды. Бұл біз үшін жақсы сабақ болды. Факт өз-өзімен қолайсыз болғанымен, біреу көрсеткісі келгендей, бұл трагедиялық жағдай емес.

– Белгілі бір ойлау қызметін қарастыратын ашық сұраққа трафарет бойынша қалай жауап беруге болады?

– Өз жұмысының бағасымен келіспейтін біздің кодтаушылар дәл осы туралы айтады, бірақ ЭЫДҰ-ның өз стандарттары бар және егер біздің олардың салыстырмалы зерттеулеріне қатысқымыз келсе, онда біз осы стандарттарды ұстануымыз керек. Бағалаудың субъективтілігі туралы осындай даулар болмас үшін Қазақстан 2018 жылы PISA-ға электрондық форматта қатысады деген шешім қабылданды. Адами фактордың ықпалы бағалау кезінде аз болады, кодтаушылардың жұмысы ашық болады. Жалпы алғанда, РISA-ға қатысу тәжірибесі оның құралдарын пайдалануда қандай да бір ауытқулар бар екені туралы айтады,Ұлыбритания, Голландия, Малайзия сияқты елдердің өзі жаңылысқа тап болды.

– Егер Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің тәжірибесін, төртінші және тоғызыншы сыныптардағы аралық мемлекеттік бақылауды мысал етіп қарайтын болсақ, онда нашар дамыған тесттік қордың жиі дұрыс істемей жатады, өйткені жаңылыс сұрақтар, тым күрделі, бағдарламадан тыс тапсырмалар немесе, керісінше, тым қарапайым сұрақтар көп кездесіп жатады. Есімде, логикаға арналған сұрақтарды ҰБТ-ға енгізу-енгізбеу ұзақ шешілді. Осының бәрі бізге халықаралық салыстырмалы зерттеулерде анағұрлым жоғары жетістіктерге қол жеткізуге кедергі келтіретін де шығар?

– Бағалау – тестология, психометрика, педагогикалық өлшемдерді жалпы алғандай айтарлықтай күрделі ғылым. Қазақстан тестілеу тәжірибесін жақында ғана белсенді енгізе бастады және біз қолданыстағы әлеуеттің шеңберінде дамып жатырмыз. Және ол, әрине, әлемдегі әлеуеттен артта қалуда. Мынандай мысал: TOEFL, SAT сияқты тесттерді өткізетін Educational Testing Service (АҚШ) әлемдегі ең мықты ұйымда шырмауық лигасы университеттерінің түлектері болып табылатын 500 PhD докторы жұмыс істейді. Мен ETS бір қызметкерімен сөйлестім, ол маған оны, Принстон университетінің түлегін, тесттерді құру жұмысына жібермес бұрын, жарты жыл бойы сынау мерзімінен өткені туралы айтып берді. Сіз бұл әлеуетті көз алдыңызға елестетіңізші – тестологияның барлық заңдылықтары бойынша тесттерді құрайтын 500 доктор! Ал Қазақстанда педагогикалық өлшемдер саласында мамандар бұдан бұрын мүлдем даярланбайтын. Сондықтан Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп, біз қазір біздің Тестілеу орталығымыздың әлеуетін арттыру, педагогикалық өлшемдерді жалпы дамыту  жөнінде жобаны дайындап жатырмыз.

НЗМ бұл жұмысының шеңберінде жекелеген құрылымдық бөлімше құрылды, ол да білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізумен байланысты өлшеудің жаңа құралын ұйымдастыруға бағдарланған. Мектепті жылдам өзгерістерге тарту үшін процестің соңына барлық жүйені оған сәйкестендіріп құрай алатын өлшеудің құралын қою керек. Бұл білім берудің жаңартылған мазмұнынан тез өту мәселесінің бір шешімі. Бірақ екінші жағынан, логика, педагогикалық тәжірибе, этика тұрғысынан қарағанда балалар мектепте өтпегенді өлшеуге болмайды.

– Жаңа мазмұн – жаңа міндеттер. Біздің балалар мектептен қандай болып шығуы керек?

– Біздің білім беру жүйеміздің міндеті - балаларды ерте жастан логикалық ойлауға үйрету, әртүрлі дағдыларды, құзыреттерді дамыту, өйткені біз қиын заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазір VUCA әлемі сияқты ұғым бар. VUCA –volatility – тұрақсыздық, uncertainty – белгісіздік, complexity – күрделілік және ambiguity – бірнеше мәнділік ағылшын сөздерінің акронимі. Міне, ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес үнемі өзгеріп тұратын әлемде аман қалғысы келетін адамдар белгісіздік жағдайына үреймен емес, қызығушылықпен қарап, икемді ойы мен жоғары деңгейлі зияты болу керек. Кейбір зерттеушілер, мысалы, атомдық реактордың қауіпсідігін қамтамасыз ететін мамандардың базалық құзыреттерімен қатар стандартты емес ойлау, күрделі жағдайда өз-өзін дұрыс ұстау қабілеті болса, 2011 жылғы Фукусим трагедиясы болмауы да мүмкін еді деп айтады.

2015 жылы ЭЫДҰ VUCA әлемінің сын-қатерлерінің маңыздылығын түсіне отырып, «Білім – 2030» атты жаңа жобаны жүзеге асыруға кірісті. 2018 жылға дейін мектептегі білімнің жаңа мазмұнын анықтау жұмысы жүргізіледі, содан соң 2021 жылға дейін жаңа стандарттар, куррикулумдар жасау және оларды дамыған елдерде сынақтан өткізу жоспарланды және содан соң ғана барлық білім беру жүйелеріне ұсыныстар беріледі. Білім және ғылым министрлігінің белсенділігінің арқасында біз бұл трендке үлгердік және ЭЫДҰ Білім беру саясатының комитетінде не болып жатқанын бақылап жатырмыз. Біздің орталықтың және НЗМ қызметкерлері бұл мәселеге, жаңа мазмұнды жасауға арналған барлық дерлік семинарлар мен тренингтерге қатысады және біздің әлемдік трендтердің арнасында болу үмітіміз бар.