You are here

"Мектепалды даярлық: бағдарламаның мазмұнын жаңарту"

Printer-friendly versionPDF version

2016 жылғы 17 тамызда Астана қаласында Республикалық тамыз кеңесі шеңберінде әдістемелік қолдаумен мектепалды даярлықтың Типтік оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнын енгізу мақсатында педагогика мамандарына арналған "Мектепалды даярлық: бағдарламаның мазмұнын жаңарту" атты секция өтті.

Секцияның жұмысына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің, "Мектепке дейінгі балалық шақ" Республикалық орталығының, "НЗМ" ДББҰ-ның өкілдері, ЖОО мен колледждердің оқытушылары, мектепке дейінгі ұйымдардың және мектепалды сыныптардың мұғалімдері қатысты.  

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту департаментінің бас талдаушысы Лада Анатольевна Барон "Жаһандық үрдістер контекстіндегі мектепалды даярлық" туралы ақпаратты ұсынды. Баяндамада әлемдегі МДТО негізгі даму үрдістері: кем дегенде біржылдық міндетті мектепке дейінгі білім беру қажеттілігі, мұғалімдердің біліктілігіне және мәртебесіне жоғарғы талаптар қою, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және мектепке дейінгі ұйымдар түлектерінің оқу жетістіктерін бағалау туралы ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, секция барысында әдістемелік қолдаумен мектепалды даярлықтың Типтік оқу жоспарының мазмұны, мектепалды даярлықтың сапасын жоғарылату, "Мәңгілік Ел" ұлттық идеяны білім беру процесіне енгізу, жаңартылған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мұғалімдердің кәсіптік құзыреттіліктерін жоғарылату бойынша сұрақтар талқыланды.

Көрмеде мектепалды даярлық бойынша оқу-әдістемелік кешендер көрсетілді. 

Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.