You are here

Мектепке дейінгі білім беру елдің ЖІӨ өсуіне көмектеседі және бюджетке пайда әкеледі

Printer-friendly versionPDF version
 
Мектепке дейінгі білім беру саласына жұмсалған бір доллар 8 доллар көлемінде мемлекетке жанама кіріс әкеледі. Бұл туралы бүгін Астанада "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ президенті Серік Ырсалиев мәлімдеді деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
 
«Баланың дамуына анағұрлым ерте салым жасасақ, бұл мемлекет үшін экономикалық тұрғыдан соғұрлым тиімді болады деп белгіленді, - деп айтты Ырсалиев. - мектепке дейінгі балалық шаққа жұмсалған 1 доллар мемлекетке 8 доллар көлемінде жанама кіріс әкеледі. Бұл қалай болғаны? Бала 3 жасқа дейін ұйымдастырылған бағдарламаларды және 6 жасқа дейін ерте әлеуметтену дағдыларын алатын болса, онда оның қарым-қатынас жасау, танымдық дағдылары қалыптасатын болады. Кейбір мемлекеттерде қамаудағы халықтың 90%-ы кезінде балабақшаға бармаған, олардың жоғарыда аталған дағдылары болмады, олар бұл өмірде сәтсіз болды», - деп айтты ол.
 
Бұдан кейін сарапшы балаларға ерте білім беруден мемлекет ненің есебінен кіріс алатынын толығырақ түсіндірді.
 
«Баланың мектептегі дамуына жұмсалған 1 доллар мемлекетке 3 доллар көлемінде, ал кәсіптік білім беру даярлығына жұмсалған 1 доллар мемлекетке 2 доллар көлемінде жанама кіріс әкеледі. Бұл жанама кіріс неден білінеді? Ерте жастан білім алған адам кейін жақсы жұмыс істейді, өмірде табысты болады 7% артық салық төлейді. Оған мемлекет қаржы шығындамайды, әлеуметтік жәрдемақы төлемейді және т.б. Әлеуметтік қамтамасыз етуді 5% үнемдейді және оған болашақта іздеу салу, ізіне түсу, айыптау сияқты іс-әрекеттердің керек болмайтыны есебінен мемлекеттің қаржысын 88% үнемдейді», - деп түсіндірді ол.
 
Сонымен қатар, Ырсалиевтің деректері бойынша, бастауыш білім берумен қамтуды тек 1%-ға кеңейтудің өзі мемлекеттің ЖІӨ 0,35%-ға арттырады. Ал жоғарғы сыныптарда оқу ұзақтығын 1 жылға созу елдің ЖІӨ 0,44%-ға арттырады.
 
«Айтпақшы, бізде 11-жылдық, 2019 жылдан бастап біз 0+11 үлгісіне көшеміз. Мемлекеттердің басым бөлігі 12-жылдықты енгізді, бұдан 10-20 жыл бұрын. Кейбір мемлекеттерде 13-жылдық, екі мемлекетте 14-жылдық бар. PISA халықаралық зерттеуде орташа көрсеткіштен 5 балға артық нәтиже көрсеткен мемлекеттің еңбек өнімділігі жан  басына шаққандағы ЖІӨ 2,5% артық болады», - деп қорытындылады ол.