You are here

Мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу үшін балаларды кезекке қою рәсімін жетілдіру мәселесі жөніндегі онлайн кеңес

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 21 казанда "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ базасында Мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу үшін балаларды кезекке қою рәсімін жетілдіру мәселесі жөніндегі онлайн кеңес өтті. IP-мекенжайы бойынша өңірлерден 300-ден аса орыннан қосылу тіркелді.

Кеңес жұмысына «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ, «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесінің, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің, ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдардың, облыстардың білім басқармаларының, қалалардың, аудандардың білім бөлімдерінің, сонымен қатар жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ атынан Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуді дамыту департаментінің директоры Елдос Нұрланов және Білім беру статистикасы департаментінің бас талдаушысы Жанар Увалиева өкілдік етті.

Мектепке дейінгі ұйымнан орын алуға мұқтаж балалардың санын бақылау мақсатында мектепке дейінгі ұйымға кезекке қоюды келесі бағыттар бойынша қалыптастыру ұсынылды:

1) туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі, 1 жасқа толғанға дейін орындардың үлестірілуіне кірмейтін балалар;

2) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жолдама алған қызметті алушы кезектен алынады;

3) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын 1 жастан бастап мектеп жасына дейінгі балалар. Мұнда бөлінетін орындардың 30%-ы мемлекеттік қызметте көрсетілгендей, санатқа сәйкес, ал 70%-ы қалған балаларға бөлінеді.

Сонымен бірге, қызметті алушы тек бір мектепке дейінгі ұйымнан орын алуға ғана кезекке тіркеле алады. Бір мектепке дейінгі ұйымнан екіншісіне өткенде алдыңғы кезектілік сақталмайды.

Жұмыс тобы кеңеске қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу үшін балаларды кезекке қоюды жетілдіруді мәселесін қарастырды және мемлекеттік қызметтің бірыңғай регламентінің жобасын әзірледі.

Қазіргі таңда бірыңғай регламенттің жобасы Білім және ғылым министрлігінің және «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының сайтында орналастырылды, өңірлерге, мемлекеттік емес ұйымдарға, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарастыру үшін жолданды.