You are here

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨТЕТІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЕҢ АУҚЫМДЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗДАР! 27-28 қазан 2016ж.

Printer-friendly versionPDF version
 
VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
«БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР АЯСЫН КЕҢЕЙТУ: АПРОБАЦИЯ МЕН ТАРАТУ»
 
Астана қ. Халықаралық мектебі, Түркістан көшесі, 32/1,
Астана, Қазақстан

 

СІЗДЕРДІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН ӘЛЕМДІК СПИКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ КҮТУДЕ

ДЭВИД БРИДЖЕС, Кембридж университеті, Шығыс Англия университеті, Ұлыбритания

УИЛЬЯМ ШМИДТ, Мичиган университетінің профессоры, Білім берудегі куррикулум орталығының негізін салушы әрі директоры, Білім берудегі саясат орталығының директоры, АҚШ

ТОМ ХСУ, Массачусетс технология университетінің профессоры, АҚШ

РИЧАРД ФЭЛПС, Nonpartisan Educational Review журналының редакторы, Мектеп-интернаттары бірлестігінің Зерттеу және стратегиялық бастамалар бөлімінің директоры, АҚШ

ГУНТЕР МАРИС, Амстердам университетінің психологиялық әдістер бойынша профессоры, CITO бас ғылыми маманы, Нидерландтар

МИХО ТАГУМА, білім беру саласындағы саясат бағыты бойынша аға талдаушы, Білім беру және дағдылар басқармасы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)

ПАВЕЛ ЛУКША, "СКОЛКОВО" Мәскеулік басқару мектебінің профессоры, Ресей

АЛЕХАНДРО АДЛЕР, әл-ауқат саласының зерттеушісі, Позитивисттік психология орталығы, Пенсильвания университеті, АҚШ

КОЛИН МАКЛАФЛИН, профессор, Білім берудегі инновация бөлімінің директоры, Кембридж университеті, Ұлыбритания

ИВЕТА СИЛОВА, профессор және Жаһандық білім беруді терең зерттеу орталығының директоры, Мэри Ло Фултон мұғалімдер колледжі, Аризона штатының университеті, АҚШ

ПИТЕР МЕХИСТО, Білім институты, Лондонның университеттік колледжі, Ұлыбритания

ДЭРЭК БРИН, «Scratch for Kids» жобасының авторы мен дизайнері, аниматор, онлайн ойындар әрі сандық анимацияны жасаушы, педагогикалық дизайнер

ТОДД ШВАРЦ, education.com жобасының негізін салушылардың бірі, АҚШ

 

Конференцияның ең басты шараларын өткізіп алмаңыз:

  • Қазақстанның тәуелсіз білім беру жүйесінің 25 жылдығына арналған білім беру саласына еңбегі сіңген тұлғалармен еліміздің білім беру жүйесіндегі ретроспективті сұрақтарды талқылау
  • Зерттеу жүргізудегі әдеп сұрақтары, білім беруде сандық ресурстар мен АКТ қолдану және жазғы мектептер тақырыптары бойынша панельдік дискуссиялар
  • Қазақстанның білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен білім беру мазмұнының жаңаруы тақырыптары бойынша дөңгелек үстел
  • Оқыту құралдарын жасақтау мен академиялық мақалалар жазу мен өзгерістерді басқару тақырыптары бойынша семинарлар
  • Балалардың ерте дамуы, үш тілді білім беру, мұғалімдердің кәсіби дамуы, бағалау мен басқару сияқты білім берудегі өзекті мәселелерді талқылау
  • Жүргізілген зерттеулер бойынша постер-сессиялар
  • Практик-мұғалімдердің Action Research & Lesson Study жобалары бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижелері
  • Білім беру ресурстарының көрмесі

http://conferences.nis.edu.kz вебсайты арқылы 15 қазанға дейін конференцияға қатысуға тіркеліп үлгеріңіз.

Байланыс телефондары: +7-7172-235-700 ішкі 1090 немесе 1042 conference@nis.edu.kz