You are here

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ - ТОҚБОЛАТ МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ

Printer-friendly versionPDF version

Екінші жыл қатарынан «АТО» АҚ отбасына ең кіші ұлы - Астананың № 64 ОМ 3-сынып оқушысы Әбдіразақ Тоқболатты мектепке дайындауға көмектесуде. Бұл қолдау «Мектепке жол» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған. Әбдіразақовтар отбасы - көп балалы.

Баланың анасының өтініші бойынша Орталық қызметкерлері мектеп және спорттық костюм, ақ жейде, ішкөйлек сатып алды. Баланың жаңа киімі - сапалы әрі оның өлшеміне сәйкес.

Содан кейін оқушыға арнап өте ыңғайлы арқа сөмкесін сатып алды - ортопедиялық, спорттық аяқ киімге арналған қосымша сөмкесі бар. Анасы мен баласының өтініштерін ескере отырып, оқу-жазу керек-жарақтары мен кеңсе тауарларының толық жинағын сатып алды.

Орталық қызметкерлері баланың әкесімен оның ұлының денсаулығы, көңіл күйі және оқуға деген көзқарасы туралы әңгімелесті, бала иммунитетін нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және күйзеліске тұрақтылықты тәрбиелеу бойынша ұсыныстар берді.

Тоқболат пен оның ата-анасы Орталық қызметкерлеріне көрсетілген ілтипат үшін алғыстарын білдірді.