You are here

Мектептегі білімді Дүниежүзілік банктің қолдауымен жаңғырту: халықаралық тәжірибе мен Қазақстандағы келешегі

Printer-friendly versionPDF version

"Білімді ел - Образованная стрна" №22(59), 22 қараша 2016ж.

Дүниежүзілік банк (ДБ) 1944 жылы құрылды және қазір 182 акционер-мемлекетті біріктіреді. Оның алғашқы міндеттерінің бірі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа мен Жапонияны қалпына келтіруге қаржылай көмек көрсету болды. ДБ $250 млн. мөлшеріндегі алғашқы несиесін 1947 жылғы 9 мамырда Францияға экономиканы қайта құруға берді. 1947 жылдан бері Дүниежүзілік банк 173 мемлекетте 12 мың жобаны, соның ішінде білім беру саласында - $159 млрд. соммасына 2 мыңнан астам жобаны іске асырды.

Бүгін Дүниежүзілік банк әлемнің барлық елдеріне қаржылай, техникалық және кеңес беруден көмек көрсетудің маңызды қайнаркөздерінің бірі болып табылады. Банкті 40 жылға несие және қайтарымсыз граттар беру арқылы мемлекеттердің үкіметтері қаржыландырады. Сонымен қатар ДБ белгілі бір мемлекеттің мәселелік саласындағы жағдайды жақсарту үшін ұсыныстар жасайды.  

Соңғы 10 жылда Дүниежүзілік банк саясатының басты назарында әлеуметтік мәселелер болды. Оның негізгі екі миссиясы – дамушы елдерде кедейлікті азайту және жалпыға ортақ өркендеуге және әділдікті орнатуға жәрдемдесу. Бұл жұмыстың шеңберінде ДБ бұл бағытта бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыра отырып, мыңжылдықты дамыту мақсаттарына (МДМ) қолжеткізуге көмек көрсетуге басты назар салынды.

2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында әлемнің 193 мемлекеті, соның ішінде Қазақстан, Тұрақты даму саласында Жаһандық жаңа 17 міндетке (ТДМ) 2030 жылға дейін қол жеткізу міндетін алды. Тұрақты даму мақсаттарының бірі толығымен білім беру саласына - "Жалпыға ортақ және әділетті сапалы білімді және баршаға арналған өмір бойы оқуды қамтамасыз етуге" арналды. Дүниежүзінде кедейліктің өсімі, дамуы және азаюы адамдарда білім алған кезінле алатын білім мен дағдыларға тікелей байланысты деген ұғым бұрыннан қалыптасты. Осыған байланысты банк сапалы білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар салады және табысты нәтижелері бар. Осылайша, ДБ жобалары мен бағдарламаларының арқасында соңғы 30 жылдың өзінде-ақ дамушы елдердегі ересек халықтардың сауатсыздығы шамамен 2 есе, 47-ден 25% қысқарды.

Сонымен қатар, өлшеудің нәтижелері банк қызметі еңбектің жоғары өнімділігінде де, басты факторы білім саласы болып табылатын адами әлеуетті дамытуда да жетістікке жеткенін көрсетеді. 

ДБ білім саласындағы ең үлкен жобасы - Мексикаға берген $700 млн. мөлшеріндегі займ. Жобаның мақсаты орта білімнің икемділігін жетілдіруді, білімнің сапасын және мәнін арттыруды қамтыды. Жоба жоғары сынып оқушыларының кедей оқушыларына арналған стипендиялық мақсатты бағдарламасын құруға мүмкіндік берді: 2009 жылы 320 мың оқушы қамтылды, 120 мың мұғалім әмбебап дайындықтан өтті. Сонымен қатар, гранттардың мектептік бағдарламалары да кеңейтілді: сапалы мектеп бағдарламасы 18 мыңға (2006ж. – 21 мың, 2009ж. – 39 мың.) және мектеп менеджментін қолдау бағдарламасымен 67 мың ең кедей мектеп қамтылды, мектепке арналған басты құрал-жабдықтар 5 млн кедей және жергілікті халықтан шыққан оқушыларға берілді. 

ДБ кеңес үкіметінен кейінгі кеңістіктегі табысты қызметінің бір мысалы  2006 жылы іске қосылған Ресейдегі «Білім беру жүйесін реформалау жобасы" болып табылады (займ соммасы – $50 млн). Жобаның көмегімен үш пилоттық өңірде жан басына қаржыландыру енгізілді (61%-дан 100% дейін мектепті қамту) және оның 22 басқа "гранттық" өңірлерде сабақтастығы қамтамасыз етілді. Бұл тетікті ескерумен мектеп желісі қайта құрылымдалды, бұл ресурстарды мектептерге әділ үлестіруін қамтамасыз етті  және бюджеттен тыс қаражатты тартуды арттырды, сонымен қатар ауылдық оқушыларға анағұрлым сапалы білімнің қолжетімділігін алуға және бейінді тадауға мүмкіндік берді.

Жоба РФ-ның 2003 жылғы PISA және TIMSS қатысуына септігін тигізді, сапаны бақылау мақсатында өңірлік мамандарды даярлаудың оқу бағдарламалары мен оқу материалдары әзірленді. Бастапқы ТжКБ қайта құру нәтижесінде кәсіпорындар қаржыландыратын студенттердің үлесі  2003 жылғы 43%-дан 2006 жылғы 70% дейін артты, ал жұмысберушілермен келісімшарт негізінде жұмыс істейтін студенттердің үлесі осы мерзімде 11%-дан 25%-ға артты. 

ДБ қолдауы Ауғанстанда орта білімнің тең қолжетімділігіне әкелді. Жанжал және талибтердің кейінгі басқаруы Ауғанстанның білім беру жүйесін құлдыратты. Банктің қолдауымен қаржыландыру бұны өзгертті. Жалпы алғанда Ауғанстанда мектептегі біліммен қамту 1,2-ден 7,1 миллионға артты. Сонымен қатар, жүздеген мектептер салынды және қалпына келтірілді, 100 мыңнан астам мұғалім оқытылды.

Дүниежүзілік банктен займ алу тәжірибесі Қазақстан үшін жаңалық емес. ҚР мен банктің оң ынтымақтастығы 1993 жылдан бастап, 20 жылдан астам уақытты алады. Бұл мерзімде Қазақстан 37 жобаны аяқтады, соның біреу – білім беру саласы. Қазіргі уақытта  – 18 (екеуі – білім беру саласында) іске асырылуда, 7 жоба бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр (біреуі – білім беру саласында).

Дүниежүзілік банктің жобасы бізге несімен қызық? Бүгінгі таңда бұл "арзан" және ұзақ мерзімді қаржының қайнар көзі ғана емес, сонымен бірге өз тиімділігін әлемнің 100 астам елінде дәлелденген жұмыстың жоғары стандарты,  нәтижелі жобалар. ДБ құрылымында дамыған және дамушы елдерде табысты жобаларды өткізуде тәжірибесі бар үздік әлемдік сарапшылар жұмыс істейді. бұл теоректиктер ғана емес, өз елінде, мемлекеттік органдарда, ҒТҰ және әртүрлі сараптамалық қауымдастықтарда жұмыс істейтін тәжірибешілер.

Дүниежүзілік банк жобаларды жүзеге асырғандағы маңызды ерекшелік - жергілікті сараптамалық әлеуетті дамыту. Жоба займдерінің басым бөлігі (90%) Қазақстанда жұмсалып, біздің экономикамызға жұмыс істейді. ДБ жобаларының басты назарларының бірі білім беру саласына - тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және теңсіздікті төмендету. Бұл мәселе Қазақстан үшін өте өзекті. Осылайша, PISA-2012 халықаралық зерттеудің қорытындылары 15 жасар оқушылардың нәтижелерінде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Бұның бәрі білім беру жүйесінде қалыптасқан теңсіздік туралы айтады, ал бұл ұзақ мерзімді стратегияда біздің еліміздің тұрақтылығына қатер төндіреді. Мысалы, ҰБТ-2016 қорытындылары бойынша қалалық және ауылдық оқушылардың арасындағы айырмашылық 8 балды құрады (қала – 85; ауыл – 77).

PISA-2012 нәтижелері бойынша оқушылардың математика мен мәтінді оқу бойынша табысы жоғары отбасылардан шыққан оқушылар мен анағұрлым қолайсыз құрдастарының  балдағы айырмашылығы сәйкесінше 60 және 73 балл. Бұл олардың арасында оқудың 1,5-2 жылдық алшақты орнатады. Бұл мәселені шешу үшін Білім және ғылым министрлігі үлкен жұмысты атқарып жатыр. Бұл жұмыс компоненттерінің бірі – "Орта білімді жаңғырту" жобасының аясында Дүниежүзілік банктің қаржысы мен сарапшыларын тарту.  Негізгі мақсаты – орта білім беру жүйесінің сапасын арттыру, реформаларды қолдау, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті арттыру. Жоба білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізуге көмектеседі. Ол әлеуметтік-экономикалық және гендерлік теңсіздікті төмендетуге, тең академиялық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталады. Басты табыс білім сапасын арттыру мен 2,5 млн оқушыға теңдікті қамтамасыз ету болады. 

Білім сапасын арттыру оқушылардың болашақта олардың кәсіби әлеуетін күшейтуге қажетті дағдыларын қалыптастыруға кепілдік береді. Жоба қаражатының 80% астамы осал мектептерді, соның ішінде ШЖМ қолдауға бағытталады.

Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстанда 3161 ШЖМ бар (барлық мектептердің 44%, ауылда – 98%). Бұнда 214 мың бала білім алады (республиканың барлық оқушыларының 8%), 55 мұғалім сабақ береді (барлық мұғалімдердің 19%). Олардың жабдықталуын нығайту жоспарланды. Әрбір ауыл мектебі, соның ішінде ШЖМ мультимедиялық құрал-жабдықтардың 4 кешенімен қамтамасыз етіледі. Бұл озық сандық білім беру ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді және жаңа мазмұн мен дағдыларды меңгеру үшін анағұрлым көп тәжірибелік мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

ШЖМ мұғалімдерінің біліктілігі республика бойынша орташа көрсеткіштен анағұрлым төмен: ШЖМ жоғары санаты бар мұғалімдерінің үлесі – 9,3%, ал ҚР бойынша – 18,3%. Сонымен қатар, ЖОО-да аралас пәндер бойынша мұғалімдерді қосымша мамандандыру жоқ. ШЖМ мұғалімдері біріктірілген сыныптарда жұмыс істегені үшін, сонымен қатар ресурс орталықтарының мұғалімдері қаржылай ынталандырылмайды. 

Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жекелеген бағдарламасы жүзеге асырылады. ШЖМ мұғалімдерінің және директорларының педагогикалық әлеуетін күшейту үшін әлеуметтік бағдарламалар әзірленеді. Олар оқу үлгерімі нашар оқушыларды оқытудағы кемшіліктерді анықтау және жоюға бағытталады. Бағдарламалармен ауыл мектептерінің 200 мыңнан астам мұғалімі мен басшылары қамтылады. 

9-сынып оқушыларының туған емес және шетел тілдерін меңгеру деңгейін, АКТ-сауаттылықты бағалау және емтихандарды өткізу,  академиялық қабілетін анықтау мақсатында 230 тесттік тапсырмадан тұратын жаңа қор құрылады.

Мектептерді сапалы үздік оқулықтармен қамтамасыз ету үшін сараптама жүргізіледі. Халықаралық тәжірибе негізінде базалық оқулыққа қойылатын талаптар мен тұжырымдама әзірленеді, сонымен қатар ғылыми және әдістемелік әдебиетке талдау жасалады. 

ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға өтумен байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығы керек. 47 педагогикалық мамандық бойынша білім беру бағдарламалары мен еліміздің педагогикалық ЖОО ПОҚ ағылшын тіліне оқыту дайындалады. 

Және, ақырында, ерекше қажеттіліктері бар балаларға болашақта кәсіп иесі атануға мүмкіндік беретін бағдарламалар жоқ. Сондықтан бұл жобамен осындай балаларға арналған кәсіптік-еңбек дайындығы бойынша 15 оқу бағдарламасы әзірленеді.

Жалпы алғанда, жоба орта білім беру жүйесінің барлық басты элементтеріне қатысы бар, сондықтан оны жүзеге асыру үшін тиісті инвестициялар керек. Білім беру жүйесіндегі инвестициялардың басым бөлігі сияқты жобаны іске асырудан түсетін пайда уақыт өте келе байқалады. Білімнің дамыған елдердің экономикалық дамуына ықпалы туралы кейбір дәлелдемелі факторлары:
– білімді инвестициялау, әр оқу жылына әлем бойынша орташа 5-15% қосымша табыс береді (Hartog, 1999);
– ұзақтығы 10 жылда асатын білімді дамытудың стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыру елдің ЖІӨ шамамен 5% арттырады (Hanushek & Wößmann, 2007);
PISA орташа балынан 5 балға артық нәтиже көрсететін мемлекет еңбек өнімділігінің деңгейін 2,5% және жан басына шаққандағы ЖІӨ 1,5% арттырады (ЭЫДҰ, 2006);
PISA нәтижесін 50 балға арттыру елдің жылдық ЖІӨ 1% арттырады (Hanushek, 2010).

Сонымен қатар, ЕО елдерінде білім микроэкономикалық деңгейде жеке өнімділікті, жалақы мен жұмыспен қамтуды арттырады, макроэкономикалық деңгейде елдің ұзақ мерзімді даму қарқынымен байланысы бар.

Білімнің ролі туралы беделді зерттеулердің қорытындылары Қазақстандағы орта білімді жаңғырту жөніндегі жобаның маңыздылығын тағы бір рет негіздейді. Оған қоса, жобаның соңғы тиімділігіне қол жеткізу шартты түрде шағыннан үлкенге қағидасына негізделеді. Осылайша, бастауыш және орта білімнің сапасын жетілдіруге бағытталған жоба бірінші кезекте еліміздің әр мектебінің, әсіресе қиын жағдайдағы мектептердің әлеуетін арттыруға және олардың көрсеткіштерін түзетуге мүмкіндік береді. Жобаның функционалдық сауаттылық пен сыни ойлауды қалыптастыруға ықпалы түлектерге бейімделуге және кәсіби салада табысты іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде білу оқушылардың әлемдік қауымға оң интеграциясының құралы болады. 

Ұлттық деңгейге шыға тұра, жобаның мультипликативті әсері экономикалық дамуға және адами капиталды нығайғайтуға, сонымен бірге Қазақстанның халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Нәтижесінде жобаның ұзақ мерзімді нәтижелерінің барлық қоғам үшін оң әлеуметтік-экономикалық ықпалы болады.

Айдана Сейтказина

Алихан Қарабаев