You are here

Мектептегі математикалық білім беру: мәселелер мен перспективалар

Printer-friendly versionPDF version

 

2017 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Операциялық жоспарына сәйкес Ақпараттық-талдау орталығы «Мектептегі математикалық білім беру: мәселелер мен перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстелді өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – мектептегі математиканың өзекті сұрақтарын орта білімнің жаңартылған мазмұнының және өткізілетін зерттеулердің аясында  талдау әрі нұсқауларды құрастыру.

Дөңгелек үстелге Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары З.А. Мақсұтова, Министрліктің бағынысындағы ұйымдар, аймақтық білім басқармалары, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталықтарының жетекші мамандары, әдіскерлер, ЖОО оқытушылары, мамандандырылған және жалпы орта білім мектептерінің басшылары мен математика пәнінің мұғалімдері қатысты.

Ақпараттық-талдау орталығы департаментінің директоры Е.Б. Нұрланов «Қазақстандағы математикалық білім беру жағдайы мен даму перспективаларының тұжырымдамалық тәсілдері» атты зерттеуінің нәтижелерін ұсынды. Осы зерттеу бойынша жұмыс 2016 жылғы мамырда басталды және оқу бағдарламасының, оқулықтардың, оқу жетістіктерін, мектепке дейінгі және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім арасында барлық деңгейлерде педагог кадрлар сапасының талдауына бағытталған. Жоба аясында оқушылар, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшылары арасында әлеуметтік зерттеудің өткізілуі мен PISA көшбасшы елдерінде математикалық білімді дамыту жолдарының зерттелуі ескерілген.

Математикалық білім берудегі оқу бағдарламасы, оқулықтар, оқушылар мен мұғалімдер куәландыру, пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру секілді аспектілері бойынша пікір алмасуға зерттеу қорытындылары негіз болды.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Орта білім институты жаратылыстану-математикалық зертхананың аға ғылыми қызметкері З.Ә.Жұмағұлова, «Оқулық» РҒПО директорының орынбасары С.Қ. Омаров, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалар орталығы» филиалының жаратылыстану-математикалық пәндер бөлімінің бастығы Т.У. Әубәкіров пен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың Оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Б.Қ. Әбдікерова баяндамалары қатысушыларды қызықтырды.

Дөңгелек үстел нәтижесінде қатысушылар ұсыныстар мен нұсқауларын білдірді. Олар Министрлікке одан әрі жұмысына ұсынылады.