You are here

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) салымшылары болып табылатын ҚР азаматтары 2016 жылға мемлекет сыйлықақысын алды

Printer-friendly versionPDF version

 

ҚР БҒМ ресми сайты

2017 жылы МБЖЖ білім депозиттерін ашқан 13 мың салымшы 556 миллион теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен мемлекеттік сыйақымен көтермеленді. 

Мемлекеттік сыйақы жыл сайын бір уақытта төленеді. Бұған дейін мемлекет сыйақы екі мәрте төленді:

  • 2015 жылы – 4 748 мың теңге;
  • 2016 жылы – 325 657 мың теңге.

Барлығы төленген мемлекеттік сыйақының сомасы –  897 миллион теңге.

Қазіргі уақытта МБЖЖ жүйесінде тіркелген салымшылардың саны 17 мың адамнан асады. Ашылған білім депозиттерінің жалпы сомасы 11,5 миллион теңгеден асады. 

____________________________________________________________

Мемлекет сыйлықақысы – ақылы білім алуға жалпы қолжетімділікті арттыру мақсатында білім беру депозиттерін ынталандырудың қосымша шарасы. Сыйлықақының мөлшері 5% немесе 7% құрайды. 7% мөлшеріндегі көтеріңкі сыйақы мемлекеттен әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, аз қамсыздандырылған отбасылардағы және көпбалалы отбасылардағы балаларға бөлінеді. 

Сыйақыны есептеу жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 1 жыл толған салымдағы нақты жинақталған сомаға жүргізіледі.  

Нақты жинақталған сома:

  • салымшының өз жарналарынан;
  • 14% (ЖТСМ) мөлшеріндегі банктің сыйақысынан;
  • өткен жылдар үшін төленген мемлекеттік сыйақыдан құралады.