You are here

"Мониторингтер, рейтингтер, рэнкингтер білім сапасын басқару құралдары ретінде" атты халықаралық конференция

Printer-friendly versionPDF version

 

Ағымдағы жылғы 22-25 қыркүйекте Ақпараттық-талдау орталығы "Мониторингтер, рейтингтер, рэнкингтер білім сапасын басқару құралдары ретінде" атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысты (Санкт-Петербург қ-сы, Ресей). Конференцияны Еуразия білім сапасын бағалау орталығы (ЕБСБО) және "Экономиканың жоғары мектебі" Ұлттық зерттеу универсиитеті ұйымдастырды. Конференцияға білім сапасын бағалайтын мониторингтік зерттеулерді өткізу саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты (АҚШ, Ұлыбритания, Моңғолия, Литва, Армения, Белоруссия, Қырғызия, Тәжікстан, Молдова, Ресей және т.б.)Мониторингтер, рейтингтер және рэнкингтер, оқушылардың метапәндік және жеке тұлғалық оқу жетістіктерін бағалау нәтижелері білім сапасын басқару құралдары секілді мәселелер конференцияның негізгі мазмұндық тақырыптары болды. "Бағалау тәсілдері мен құралдарының саналуандығы: тәжірибе және ой-толғаныс" 5.3-сессияда "Білім индикаторлары мен көрсеткіштері: не, қалай және не үшін» тақырыбындағы презентациясымен Ақпараттық-талдау орталығының вице-президенті А.Құлтуманова баяндама жасады.