You are here

Muslim World Biz 2016

Printer-friendly versionPDF version

 

2016 жылғы 18-22 қазанда Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) Путра дүниежүзілік сауда орталығында Muslim World Biz 2016 бизнес пен инновациялардың дүниежүзілік аумағы жетінші жыл сайынғы көрме-конференциясы өтті. Іс-шара барысында Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (бұдан әрі - ИЫҰ) мүше елдердің жоғары білім беру саласында конференция ұйымдастырылды. Биылға конференцияның тақырыбы: «Инновациялық педагогика». Конференцияның жұмысына ИЫҰ елдерінің жоғары білім беру саласының сарапшылары, ЖОО-ның әкімшілік-басқару және профессорлар мен оқытушылар құрамының өкілдері қатысты. 

ИЫҰ -  ресми үкіметтік ең ірі және анағұрлым ықпалды Мұсылман халықаралық ұйымы. Негізі 1969 жылғы 25 қыркүйекте Рабатта өткен мұсылман мемлекеттері басшыларының конференциясында қаланды. Қазіргі уақытта ол 1,5 млдрд. халқы бар 57 мемлекетті біріктіреді. Қазақстан 1995 жылы ИЫҰ-ның толық құқықты мүше атанды. [1]

ІТ-технологияларды дамытумен оқытудың инновациялық әдіснамасы конференцияның негізгі мәселесі болды. IT технологиялардың соңғы 20 жылда дамуы оқыту әдіснамасын жетілдіруге ықпал етті. Аралас оқыту технологиялары – flipped classroom, blended learning, MOOCs ауқымды ашық онлайн-курстар дамыды. Геймификация - оқыту процесінде ойын тәсілдерін қолдану білім беруді дамытудың IT-тренді болды.

Конференция жұмысының соңғы күні "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Жоғары білімді дамыту департаментінің бас талдаушысы Аида Ахметжанова Кремний аңғарының малайзиялық аналогы Сайберджая қаласының медицина университетіне барды. Кездесу барысында ҚР медицина университеттері мен Сайберджая қаласының медицина ЖОО арасында академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері талқыланды. Кездесудің қорытындылары бойынша Сайберджая қаласының медицина университетінің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру туралы ақпарат ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне әлеуетті ынтымақтастықты орнату үшін беріледі.

Конференцияның ұйымдастырушылар әлемнің ислам мемлекеттерінің жоғары білім беру көшбасшыларының саммитін өткізу туралы да ақпараттандырды. Саммит 2016 жылғы 14-20 қарашада Малайзияда Негри-Сембилан қаласында өтеді. Конференцияның күн тәртібінде ЖОО-ды тиімді басқару, жоғары білімнің теңдігі және қолжетімділігі, академиялық этика сұрақтары қарастырылды.


[1] Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz/kz/national_projects/kazakstannyn-iyu-dagy-toragalygy