You are here

NUS студенттері делегациясының сапармен келуі

Printer-friendly versionPDF version

 

30 маусымда Қазақстанға танысу сапарымен келу шеңберінде АТО-ға Сингапур Ұлттық университеті (NUS) студенттерінің делегациясы келді.

Сингапурлық студенттер оларға дамушы мемлекеттердің әлеуметтік-мәдени және экономикалық ерекшеліктерімен танысуға көмектесетін STEER білім беру сапарларының бағдарламасы аясында Қазақстанға екінші рет келіп отыр. Қазақстанмен қатар, бағдарлама Қытай, Камбоджа, Үндістан, Тайланд, БАӘ және т.б. сияқты елдерді де қамтиды. 

Астанада сингапурлықтар Назарбаев университетіне және "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ға барды.

Студенттер АТО қызметкерлерімен ұлттық ұқсастық, білім берудің мазмұнын жаңарту тақырыптарына  әңгімелесіп, көптілді ортада өмір сүру тәжірибесімен бөлісті.