You are here

«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ТАЛДАУ» (ФИНЛЯНДИЯ, ЭСТОНИЯ, КАНАДА, ОҢТҮСТІК КОРЕЯ, ЖАПОНИЯ)

Printer-friendly versionPDF version

Оқушылардың функционалдық сауаттылығының деңгейі қазіргі білім беруді бағалаудың ең басты критерийлердің бірі болып саналады. Қазақстанның 2009 жылы PISA 15-жасар Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау халықаралық бағдарламасында бірінші рет қатысуы қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығы деңгейін салыстырма түрде бағалануына әкелді. 65 ел қатысқан PISA 2009 нәтижелеріне сәйкес біздің оқушылар математикалық функционалдық сауаттылық бойынша 53-орын, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығынан 58-орын және оқу сауаттылығынан 59-орын алды. Осындай нәтижелер қазақстандық білім берудің негізгі құзыреттіліктерді немесе функционалдық сауаттылықты дамытуға жауап беретін мазмұнын қайта қарастырылуына серпін берді.

Финляндия, Эстония, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония мысалдары негізінде функционалдық сауаттылықты дамытудағы әлемдегі халықаралық үдерістер талданды. ЮНЕСКО, ЭЫДҰ, Еуропалық одақ және т.б функционалдық сауаттылықты түсіну тәсілдемелері қарастырылды. Жетекші шетелдерде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуын сипаттайтын нормативті және құқықтық актілер, шарттар, нұсқаулар талданды. Жетекші шетелдерде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша орта мектептердің қызметі зерделенді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша нақты қадамдар, оларды түсіну аясында жетекші дүниежүзілік тәжірибесін талдау нәтижесінде Қазақстан мектептерінде оқу-тәрбие үдерісі жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.