You are here

"ӨМІР БОЙЫНА ДАҒДЫЛАР ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ 2014-2015Ж.Ж.)" ҚАЗАҚСТАН/ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК БІРЛЕСКЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БАҒДАРЛАМАСЫ (БЭЗБ)

Printer-friendly versionPDF version

«OECD Skills Outlook 2013» («Дағдыларды шолу-2013») ЭЫДҰ зерттеулер нәтижесіне сәйкес, жоғары технологиялы ортада сауаттылық дағдысы, есеп және міндеттер дағдысын дамыту деңгейі тек қана азаматтардың жеке табысын емес, мемлекет экономикасының бәсекелесу қабілетін белгілейді. Сондықтан ЭЫДҰ елдер үкіметіне 21-ғасырда қажет еңбекке жарамды азаматтардың негізді құзыреті мәселесін зерттеуді ұсынады.

Мақсаты:

- білім беру жүйесі параметрлерін, сондай-ақ тұтас алғанда мемлекеттің әлеуметтік саясатын жақсарту;

- білім беру, оқыту әдістемесін жетілдіру және сапалы білім алу үшін тең мүмкіндіктерді құру.

Жоспарланған нәтижелер:

- жоғары білім беру оқу жоспарында тәжірибелік бағдарлауды арттыру;

- бір уақытта талап етілетін және перспективалы бағыттарды күшейтіп, ескі немесе талап етілмейтін ғылыми және білім беретін пәндерден арылу,

- педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, мұғалімнің кәсіби-жеке бас құзыреті диагностикасы жүйесін әзірлеу,

-TIMSS, PISA және PIAAC бағалау бағдарламасы негізінде өмір бойына оқыту стратегиясын қалыптастыру,

- аймақтық білім беру сапасын бағалау жүйесін енгізу,

- Ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру,

- елдің білім беру жүйесін интернационалдандыру процессіне көмектесу.