You are here

Орнықты даму үшін білім және инновациялар

Printer-friendly versionPDF version

 

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде АТО өкілдері - президент Нұргүл Шәмшиева, вице-президент Елдос Нұрланов, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Гүлбаршын Ноғайбаева және бас талдаушысы Сания Жұмажанова, EXPO-2017 алаңында Швейцария павильонында өткен "Орнықты даму үшін білім және инновациялар" атты тақырыптық сессияға қатысты. Сессия Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйыммен (ISO), Қазақстандық  стандарттау және сертификаттау институтымен, БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ), Женева университетімен (ЮНИГЕ) және т.б. бірлесіп, Женевадағы БҰҰ Өкілдігінің бас директорының бастамасымен әзірленген "Қабылдауды өзгерту" Жобасы аясында өтті.

Іс-шараның хедлайнері - Тараз қаласынан 15 жастағы оқушы Исаак Мустопуло, церебральды сал ауруымен балаларға тьюторларды кіріктіруге бағытталған ол әзірлеп жатқан "Индиго" жобасы туралы айтып берді. Оның пікірінше, тьюторлар педагогикалық ЖОО-лар түлектері қатарынан іріктелуі тиіс, өйткені олардың жұмысы ерекше балаларды мектепте сүйемелдеуге, оқу үрдісінде көмектесуге және әлеуметтенуге бағытталады. Жоба Исаактың өзінде "церебральды сал ауруы" деген диагноздың болуымен және оның ерекше білім беру қажеттіліктерімен балалар тап болатын қиындықтарды өз басынан өткергенімен маңызы. Сонымен бірге, өз сөзінде оқушы а.ж. күзде ол өзінің кумирімен дүниежүзінде танымал физик-теоретик Стивен Хокингпен кездесуді жоспарланғаны туралы да айтты.  

Сессияның екінші қатысушысы Екатерина Перфильева (Ресей) орнықты даму тұжырымдамасы бойынша тегін оқыту онлайн курстарды ұсынатын "Ашық орнықты даму мектебі" атты жобамен таныстырды (www.openshkola.org). Екатеринаның пікірінше, орнықты дамуды жаппай іске асыру адамзатқа өзінің ағымдық қажеттіліктерін кейінгі ұрпаққа зиян келтірмей, қанағаттандыруға көмектеседі. Ол үшін бейресми оқытуды да, оқу пәндерінің мазмұнына орнықты дамудың қағидаларын енгізуді де дамыту керек.

ЮНИСЕФ-тің балалар құқықтары жөніндегі үйлестірушісі Татьяна Адерихина ЮНИСЕФ-тің білім саласындағы бағдарламасын ұсынды, инклюзия және елімізде оқыту сапасын арттыру саласында инновациялық шешімдердің қажеттілігін ерекше атады. Атап айтқанда, ол Қазақстан Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия 20 елінің "Барша балаларға арналған сапалы білім" атты Өңірлік министрлік конференциясында (2013 жылғы 10-13 желтоқсан, Стамбул қ-сы, Түркия) бастамашылық етілген "Білім - әрқайсыға, дәл қазір" әрекетке шақыруға қосылғанын айтты. 

Сонымен бірге, тақырыптық сессия аясында климаттың өзгеруі, босқындардың жоғары білімді алу мүмкіндіктері, сонымен қатар "ақылды қалаларға", соның ішінде Астана қаласына арналған стандарттар сияқты мәселелер талқыланды.