You are here

Орталық Азия елдері үйлестірушілеріне арналған Турин процесі төртінші кезеңінің Өңірлік форумы

Printer-friendly versionPDF version

 

Еуропа білім қоры (ЕБҚ) 2016 жылғы 14-16 қыркүйекте Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) Турин процесінің (ТП) Өңірлік форумын ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаттар: Орталық Азия елдері техникалық және кәсіптік білімнің (ТжКБ)  жалпы бағыттарын, басымдылықтарын және мәселелерін талқылау және келісу. 

Қатысушылар ТжКБ өңірдегі дамуының ұзақ мерзімді басымдылықтарын талқылады. 

Форумға Қазақстан делегациясы да қатысты.

Ұлттық үйлестірушілер елдік баяндамалардың бастапқы нәтижелерін құрылымдық бөлімдер бойынша ұсынды. Қатысушы елдер кәсіптік білім беру саясатын дамыту және жүзеге асырудың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындады. Нақты деректерге ерекше назар аударумен әр елдің баяндамасын әзірлеу сапасына баса назар аударылды.

ЕБҚ өтінішімен Қазақстанның үйлестірушілері елдік баяндаманы әзірлеу барысында пайдаланылған ұлттық білім беру деректер қоры жүйесінің тәжірибесін ұсынды.  Қатысушылар Орталық Азияда бұндай деректер қорына ұқсас жүйенің жоқ екенін атап өтті.

 ЕБҚ сарапшылары қатысушы елдерге ТП-2016 қысқаша шолуды әзірлеу бойынша кеңес берді.